Армысың, бізге сенім артқан қадірлі оқырман!

Армысың, бізге сенім артқан қадірлі оқырман!

Иә, кезекті ресми жылды тағы да дүрілдетіп қарсы алдық. Мерекенің аты – мереке. Әйтпесе түркі жұртының жаңа жылы, яғни жылан жылы наурызда келетінін жақсы білеміз. Президентіміз халқын ресми жаңа жылмен құттықтауын тек мемлекеттік тілде жасады десе де болады. Құттықтауының соңында ғана тілектерін тәптіштеп аударып отырмай, орыс тілінде бірнеше сөз айтты. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі Президентіміз жыл пердесін «Ана тілі» газетіне сұхбат берумен ашты. Көп мәселелер айтылды. Ең бастысы қазақ тілінің рөлін күшейту жөнінде нақты нұсқау берді. Яғни билік мемлекеттің мемлекеттік тіліне биыл үдере бет бұрып, назар аударады деген сенімдеміз. Лайым, солай болғай!

Қадірлі оқырманым! Қаңтар айында Қаңтар оқиғасын еске алмау мүмкін емес. Осы қырғында, өздеріңіз білесіздер, 238 боздағымыз қаза тапты. Бұлардың көпшілігі елінің болашағына алаңдап алаңға келген қарапайым адамдар. Бұл қырғынды ұмыта алмаймыз. Теледидарларда тарихи оқиға туралы сараптамалық көріністер берді. Бірақ біз қаңтардың нағыз шындығы ашылатын уақыт әлі алда деп ойлаймыз. Сонымен, биыл бізге зор сенім артып жазылған оқырмандарымызға тағы да ыстық сәлемімізді жолдаймыз. Бұрынғы «Қазақстан ZAMAN» газетінің заңды жалғасы біздің газетіміз әрқашанда қолдан келгенше шындықты, ақиқатты жазып келеді. Биыл да сол үдеден шығамыз деген сенімдеміз. Ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашақ тағдыры үшін ештеңеден аянбаймыз. Тақырыптарымыз сан алуан. Халықаралық деген атауымызға сәйкес «Түркі дүниесі» деген арнаулы бетіміз бар. Негізінен осы айдарымыздың аясында қалып қоймай, әлем тынысын беретін «Дүбірлі дүние: Саясат» деген айдарымыз да жұмыс істейді. «Жанайқай!», «Қамшыбасар-тұжырым» деген айдарларымыз ақиқатты айтар, жеткізер мінберлеріміз. Мәдениет, спорт, ғылым, білім экономика және басқа да тақырыптарды да қаузаймыз. «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициямызбен елімізді аралайтын, өздеріңізбен жүздесетін жобамызды да биыл жүзеге асырамыз. Үкімет, Парламент те назарымыздан тыс қалмайды. «Кәсібім – нәсібім» деп еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерді сөзге тартамыз. Тұлғалармен сұхбаттарды да оқисыздар. Қысқасы, қолдан келгенше сіздердің сенімдеріңізден шығуға тырысамыз.

Қадірлі оқырман! Өздеріңіз де қарап қалмай, ұжымыңыз жайлы, толғақты мәселелер жөнінде жазыңыз. Жариялаймыз. Сөзіміз әлі жалғасады. Әзірге сіздерді ресми жаңа жылмен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, істеріңізге береке, өмірлеріңізге мереке тілейміз. 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
10.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 14.01.2025 54
ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 37
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 28
 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 113
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 299
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 402
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 294
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 280
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1625
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2125

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12879
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11757
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14998
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13935
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18960