АСТАНАДА ЖАҢА ОРМАН ПАЙДА БОЛДЫ

АСТАНАДА ЖАҢА ОРМАН ПАЙДА БОЛДЫ

«Бұл жерді қаланың қақ ортасы деп атауға болады. Мұнда Есіл өзенінің жағалауы бар, сол сияқты Ақбұлақ өзені ағып жатыр. Бұл маңай – белсенді тұрғындардың, көптеген жастардың тұрақты мекені әрі қарқынды дамып жатыр, жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты бұл жерге нағыз орман отырғызуды ұйғардық. Біз 500-ге жуық ағаш отырғызамыз. Олардың арасында қылқан жапырақты ағаштар – шырша мен қарағай, сол сияқты қайың, 80-100 жеміс ағашы – алма мен алмұрт бар. Ағаш отырғызу жұмысын мамырдың бірінші онкүндігіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Сондай-ақ ол жасыл алқаптарды толықтай күтіп-баптау мақсатында өткен жылы жағалауға жергілікті суару жүйесі орнатылғанын атап өтті. Биыл кеңейту жұмысы толығымен аяқталады. Ақбұлақ өзенінің арнасы тазартылып, су қоймасының тазалығына көңіл бөлінеді.

«Әр отырғызылған ағашты біздің агроном мамандарымыз күтеді. Жылына үш ауылшаруашылық іс-шарасын жүргіземіз. Барлық ағаш мамандандырылған тәлімбақта өсірілді», – деді аудан әкімі.

Көшені көгалдандыруға аудан белсенділері, ҚР Ұлттық ұланына қарасты 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, МИБ (ПИК) төрағалары және шағын аудан тұрғындары қатысты.

«Тәшенов көшесі – қаладағы жасыл желекті көшелердің бірі. Жыл өткен сайын оның көркейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Осындай іс-шараларға қатысып отырмыз, басқа да тұрғындарды шақырамыз. Ағаш отырғызумен қатар, біз аудан белсенділері ретінде олардың қала тұрғындарының көңілінен шығуы үшін күтімін қадағалап отырамыз», – дейді «Жастар» МКҚБ белсендісі Артем Павельев.

Еске салайық, бүгін, 26 сәуірде Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экоакциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астанада экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және суару арықтарының кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындарды және аулаларды тазалау және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасыл екпелерді күту және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда алаңдарын т.б. орындарды тазарту, рұқсат етілмеген үйінділерді жою және т.б. жұмыс жүргізіледі. Мердігер ұйымдар шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен шағын сәулет нысандарын, қоқыс орындары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Күн райының жылынуымен қалада абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Биыл елордада миллионға жуық жасыл желек (ағаш, бұта, көшеттер т.б.) отырғызу жоспарланып отыр. Абаттандыру жұмысы қаланың барлық алты ауданын, оның ішінде алаңдарды, аулаларды және жағалауларды қамтиды.

 

Нағашыбай Қабылбек
30.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5953
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6095
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21069
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19698
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23169