АСТАНАЛЫҚ ҚЫЗДАР – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

АСТАНАЛЫҚ    ҚЫЗДАР –   АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары еліміздің атын тағы бір мәрте әлемге паш етті. Елордалық №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің командасы көпсайыс бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның көркем гимнастика тарихында тұңғыш рет командалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді.

Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның 5-еуі – алтын, 4-еуі – күміс, 2-еуі – қола жүлде. Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді.

«Бұл – отандық гимнастика үшін аса маңызды әрі тарихи жетістік. Бұған дейін мұндай жоғары нәтиже тіркелмеген болатын. Олар білікті команданың жеке бапкері Меруерт Балғынбаева мен хореограф Шыңғыс Оспанбаевтың жетекшілігімен жоғары дайындығын көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Астаналық гимнасшылардың бұл жеңісі – ел спортындағы үлкен серпіліс пен жас буынға шабыт беретін айтулы оқиға», – дейді №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Қуат Тілегенов.

Жеңімпаз команданың құрамында Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай сынды дарынды спортшылар өнер көрсетті.

Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі.

Жеке нәтижелер:

Айбота Ертайқызы – лентада алтын медаль, көпсайыста қола медаль;

Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада қос алтын медаль, ұршықта күміс медаль;

Айым Мейіржанова – ұршықта қола медаль;

Рысбек Айғаным – жеке көпсайыста 4-орын.

Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.

«Біз осы жетістікке бір команда болып қол жеткіздік. Әр спортшымның табандылығы мен бапкерлер тобының ерен еңбегі – бәрі бір арнада тоғысып, Азия чемпионатындағы 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальға айналды. Балаларымыздың көзіндегі от пен ерік-жігері бізді алға жетелейді. Алда талай биік тұр, сол шыңдарды да бірге бағындыратынымызға кәміл сенемін», – дейді Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің Көркем гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева.

Айта кету керек, бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.

 

Нағашыбай Қабылбек
22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 253
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 250
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 265
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 402

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13326
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13304
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28417
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27100
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30600