Астаналықтардың 33,08%-ы спортпен айналысады

Астаналықтардың 33,08%-ы спортпен айналысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елордада бұқаралық спортты дамыту бойынша көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Былтыр елордада алғаш рет бокс, көркем гимнастика, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы ашылып, онда қалалық құрама мен спорт мектептері өз жаттығуларын тегін жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар қала тұрғындарына арналған екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде бой көтерген бұл спорт кешендерінде халық қолжетімді дене шынықтыру сабақтарымен шұғылдана алады. Онда 10 спорт түрі бойынша мыңға жуық бала жаттығады. Мұндай кешеннің құрылысы тағы екі елді мекенде салынып жатыр. «Толқын» спорт кешені мен «Жастар» сарайында жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың мәлімдеуінше, бүгінде елорда тұрғындарының 33,08%-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Олардың саны 406 мыңнан астам адамға жетті. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. «Бұқаралық спортты қаржыландыру 3 есеге артты. Қ. Мұнайтпасов атындағы футбол стадионы мен «Қазақстан» спорт сарайын қайта құру және жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Жоспар бойынша аяқталу мерзімі – 2024 жыл. Бұдан басқа 2022 жылы қалада мамандандырылған спорттық медициналық орталық және «Арғымақ» ат-сауықтыру кешені ашылды. Спорттық медициналық орталық спорт медицинасын, оңалту және қалпына келтіру саласындағы ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Түрлі деңгейдегі жарыстарға, оқу-жаттығу процесіне медициналық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Спорттық және басқа да жарақаттардың алдын алу, емдеу, қалпына келтіру секілді жағдайлар қарастырылған», – деді спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев

Елордада бұқаралық спортты дамыту мақсатында нақты жобалар мен жоспарлар бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылдан, яғни биылдан бастап Ат спорты кешені ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерін (конкур, көкпар, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жамбы ату) дамытумен қатар, иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған іс-шаралар ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынбақ. Сондай-ақ 19 ақпанда жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтеді. Оның алаңында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, белбеу күресі, арқан тарту, авто және мотоспорт және т.б. сияқты 10 спорт түрінен жарыстар өтеді. Бұдан басқа, алдағы ақпан-наурыз айларында қысқы триатлоннан жарыстар, ат спортына бірнеше жарыс, «солтүстік өңір» көкпары және Наурыз мерекесіне байланысты бірқатар бұқаралық спорттық іс-шаралар жоспарланған. 

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540