Ата-аналар балаларын әскерге жіберуге неге қорқады?

Ата-аналар балаларын әскерге жіберуге неге қорқады?

Иә, неге қорқады? Басты себебі соңғы кездері әскерге кеткендердің кейбіреулері қайта оралмайды немесе мүгедек болып қалады. Бір жаманы, теледидар сенсация іздей ме, әйтеуір, ол оқиғаларды бүге-шігесіне дейін береді. Бұл дұрыс емес. Оны көрген ата-аналар да, тепсе темір үзетін жігіттердің өздері де әскер десе үрейленіп, мүмкіндігінше ол жаққа бармауға тырысады, үнемі қашып жүреді. Ол үрей мен қорқынышты қалай сейілтуге болады? Осы мәселенің үдесінен шығудың әдістерін ойластыруымыз керек. 

Кеңес Үкіметі кезінде әскерге бару зор мақтаныш болатын. Бір себептермен әскерге бармағандар намыстанып, өздерін қор санайтын. Оларды нағыз жігіт тізіміне кіргізбей, қатарластары келемеж ететін. Неге олай? Себебі насихат күшті болатын. Әскери-патриоттық тәрбие бойынша насихат жұмысы кеңінен жүргізілетін. Жігіттердің Отанға деген сүйіспеншілік сезімі ұшталып, олардың жігерлеріне жігер, рухтарына рух қосатын ерлік, өрлік, батырлық, батылдық жайлы кинолар, оқиғалар көп көрсетілетін, айтылатын. Сол кездері де әскер қатарында жүргендердің арасында өлім жиі болып тұратын. Бірақ әскерге баруға деген үрей, қорқыныш атымен жоқ еді. Мектептерде ол кезде сабақ жүргізіліп, тек қана қаруды қолдануды үйретпейтін, мұғалімдер әскер, Отан туралы сүйіспеншілікке толы әңгімелерді жиі айтатын. Соғыс ардагерлерімен үнемі кездесулер ұйымдастырылатын.

Жақсы да өнегелі осындай игі істер тәуелсіз Қазақстанымызда қазір жүргізілмейді. Қазір соңғы кездері әскери-патриоттық кинолар жиі көрсетілетін болды. Бұл тамаша! Ондай фильмдерді интернет желілерінен де, әскери бөлімдерде, мектептерде де жиі көрсету керек. Әскерде командир болып жүрген інімнің айтуы бойынша, әскери бөлімдерде де тәрбие, патриоттық істерде кемшіліктер жетерлік. Әскерге жаңа келгендермен жылы қатынас орнату керек дейді ол. Ата-бабаларымыздың ерліктерін айтып, құлақтарына құйып, өзара достықты, ынтымақтастықты күшейтсе, батырлармен кездесулер өткізілсе, нұр үстіне нұр екен. Содан кейін әскердің 1 жылдық мерзімі өте аз екенін айтты ол. Бұл мерзімде олар толыққанды әскер болып жарытпайды екен. Командирдің тұжырымы осы. 

Айта кететін тағы бір мәселе қазіргі жігіттер әлсіз, әлжуаз болып келеді. Бұған кінәлі ата-аналар, мектеп. Осы жерлерде спортты күшейтуіміз керек. 7 мамыр – әскерилердің, жігіттердің мерекесі. Бұл мерекенің де тойлануын, насихатын күшейтейік. Сонымен, еркектер, жігіттер мерекесі құтты болсын!  Күшті,  қуатты   болайық!

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
30.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 254
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 250
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 873

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8947
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8340
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11567
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9325
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10551