АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Бақыт Қазанбасов жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, ұсыныс-өтініштерін білдірді. Атап айтқанда, Құмжота ауылының тұрғыны Мақсат Бегильдаев өзі тұрып жатқан тұрғын үйінің құжаттарын заңдастыруға байланысты өтінішпен келіпті. Сонымен қатар, Мақсат Керімбайұлы елді мекендегі спорт алаңшасының құрылысын аяқтау, ауылға жаңа мешіт салу туралы ұсынысын жеткізді. Өтініш иесінің көтерген мәселесіне қатысты Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерлан Аширбеков қосымша түсінік берді.
Жібек жолы ауылының тұрғыны Жайсан Қарабаева баспана мәселесіне қатысты қайырылған екен. Ал, Көкбастау ауылының тұрғындары Нұрболат Жылысбаев, Сағынбек Сейдуалиев, Қайрат Қалмұратов ауылдық округтің орталығы саналатын елді мекендегі Жұматаев және Шалбайұлы көшелерінің асфальт жабындысының тозығы жеткенін, жаңа алқапта тек шағал жол ғана төселгенін тілге тиек етіп, 4 көшедегі түнгі жарықтар бір бағанадан кейін орнатылғанын және ағын су мәселесін қозғады.
Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Байзақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 97
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 100
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 103
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 74

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1321
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7365
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11233
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7418
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7571