Әуесқой бокс: Алты аруымыз ширек финалға шықты

 Әуесқой бокс:   Алты аруымыз ширек финалға шықты

 Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.Биылғы бәсекеге 73 елден 300-ден аса қатысушы жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де бар.Жарыстың кезекті күні жеңіл салмақтағы Жайна Шекербекова мен Дина Жоламан қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Бұған қоса 48 келідегі Алуа Балқыбекова, 57 келідегі Карина Ибрагимова, 70 келідегі Валентина Хальзова және ауыр салмақтағы Гүлсая Ержан да жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Олар енді жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.Қалған 6 қызымыз іріктеу сындарынан аса алмады. Оның ішінде басты үміт саналған Назым Қызайбай мен Дариға Шәкімова, сәйкесінше Колумбия және  Өзбекстан өкілдеріне есе жіберді. Түркиядағы дода 20 мамырға дейін жалғасады.

Ермек Сахариев
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 220
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 243
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 220

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20545
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20341
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35441
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34013
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37867