Әуесқой жүгірушілер бас қосқан күн

Әуесқой жүгірушілер бас қосқан күн

Конституция күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға ниетті азаматтардың қарасы әдеттегідей көп болды.

«Мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан жүгірісімізде дәл осы бағыт екінші рет таңдалды. Себебі Есіл өзенінің бойымен жүгіру қатысушыларға ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз. Екіншіден, ешкімге кедергі келтірмей, бір сәтте 1500-ға жуық адам қашықтықты бағындырды. Бір ерекшелігі – жүгіріс қай ауданда ұйымдастырылса да, қаланың әр бұрышынан қатысқысы келетіндердің қарасы қалың», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Қатысушылар осы жолы Ырыскелді қажы мешітінен бастап, Кенесары ескертішін айналып, 4 және 7,6 шақырым қашықтықты еңсерді.

«Адамның денсаулығы – өз қолында. Егер үнемі сергек қимылдап, көңіл күйің көтеріңкі болғанын қаласаңыз, жүгіруді әдетке айналдырған жөн. Осындай спорттық іс-шараның арқасында әлемдегі түрлі марафондар жайлы естіп жатырмын. Мысалы, бүгін бір әпкеміз әлемдегі ең қиын саналатын Barkley Marathon-да жүгіргенін айтты. Қарапайым жүгірістен басталған ойым осындай үлкен мақсаттар қоюға итермелейді», – деп 7,6 шақырым қашықтыққа тіркелген Ғани Мажитов өз ойын бөлісті.

Спорттық іс-шарада мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль беріліп, лотерея арқылы 10 велосипед ойнатылды.

 

Нағашыбай Қабылбек
04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 66
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 29
Ақындар айтысы өтті
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 28
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 66
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 307
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 303

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18976
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18836
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34003
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32556
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36360