Әуесқойлар турнирінің жеңімпаздары

Әуесқойлар турнирінің жеңімпаздары

2022 жылғы 7 маусымда Серік Төлбасов Қорының қолдауымен Алматы қаласындағы «ЦСКА» ҚТФ теннис орталығының корттарында теннис әуесқойлары арасында TS CUP 3 үшінші соңғы іріктеу турнирі өтті. Турнирге Қазақстанның ең мықты теннисшілерінен құралған 16 жұп қатысты. Қорытынды турнирдің бас жүлдесі қазақстандық зергерлердің қолымен жасалған Чемпиондар тегі нақышталған жеңімпаздар Кубогы болады. Салмағы 15 келі болатын Кубок жезден жасалған және 925 сынамалы күміспен қапталған. Кубокқа арналған тұғыр қатты қарағайдан кесілген. Masters категориясының турнир кестесінде 1-орынды Роман Марков пен Тимур Нұрмамбеков иеленді. Екінші болып Ерлан Балғарин мен Жан Бениаминов, үшінші болып Абай Шәйкенов пен Тимур Елімбаев атанды. Futures санатында Сергей Шахворостов пен Ерлан Қожасбай жұбы жеңімпаз болды. Күміске Юрий Ким мен Болат Тұрсынханов жұбы ие болды. Құрметті 3-орын Евгений Голенко мен Қайрат Ұрдашевтың жұбына бұйырды. Турнирдің үйлестірушісі – дәстүрлі түрде Ерлан Балғарин, бас төрешісі Артем Ащеулов болды.

 

Рауан МУТАИР
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 353
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6458
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8167
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6538
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6674