Әуежайда көптеген заңбұзушылықтар бар

Әуежайда көптеген заңбұзушылықтар бар

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аудиттік тексеру барысында Нұр-Сұлтандағы әуежайдан бірнеше заңбұзушылықтарды анықтады. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев: «Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді, онда ҚР ИИДМ ішкі аудит қызметі жүргізген компанияның аудиторлық тексеруінің қорытындылары қаралды.Аудит әуежай басшылығының әуежай қызметінен бірнеше кемшіліктер мен заңбұзушылықтарды анықтады. 

Мемлекеттік сатып алу порталынан тыс жүзеге асырылған сатып алулардың басым болуы, шарттар жасасу кезінде ашықтықтың болмауы, еңбекақы төлеу жүйесіндегі бұзушылықтар, жанармай материалдарын заңсыз босату, ұйымдық құрылымды құрудағы бей-берекетсіздік, қоғам басшылығы арасындағы қызметтік міндеттемелерді заңсыз бөлу сынды заңдылыққа қайшы әрекеттер орын алған.Сонымен қатар, директорлар кеңесі қажетті рәсімдерді орындамай, әуежай қызметтерін аутсорсингке беру (авиаотынды сату, объектілерді жалға беру) фактілеріне жол берген, бұл қызмет көрсету тиімділігінің төмендеуіне  алып келді.Отырыс қорытындысы бойынша, кеңес әуежай басқармасына талдау жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды толық жою бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді, ұйымдық құрылымды қайта қарауды және олқылықты реттеуді қолға алуды, сондай-ақ, заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарау тапсырылды»,– деп мәлімдеді. 

Естеріңізге салсақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратовтың өкілеттігі тоқтатылып, Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалған болатын. 

 

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 16
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 24
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 33

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1005
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7054
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10900
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7123
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7265