«Ауыл аманаты – ел аманаты»

«Ауыл аманаты – ел аманаты»

атты «АMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Qazaqstan dauiri» газеті,  «Мөлдір бұлақ» журналының бірлескен экспедициясын Жамбыл облысымен түйіндеді. 

 

Жыл сайын қоңыр күзде жоғарыда аталған экспедициямыз қыркүйек айынан бастап бүкіл республиканы аралауға шығады. Биыл да осы уақыт еншісінде тас-түйін сапарға аттандық. Газетіміздің басшысы Сәуле Мешітбайқызы бастаған көш бірнеше бағытта жүрді. Биылғы ерекшелік, өздеріңіз көріп тұрғандай, екі бірдей ірі ұжым қатарымызға тұрды. Олар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Сапарымыз барысында биыл Зайсан, Сарытоған  тәрізді алыс аудандарда, сондай-ақ су тасқыны болған өңірлерде болып, зардап шеккендердің рухын көтердік. ҚР Оқу-ағарту министрлігі айрықша белсенділік танытты. Биылғы сапарымыздың соңы қарлы борандарға ұшырады. Бірақ қайтпас қайсар экспедиция мүшелері барлық облыстарда болып, міне бүгін түйіндеп отырмыз. Экспедициямызға көмек еткен барлық ұжымдарға, жанашыр жандарға алғысымыз шексіз. Әсіресе «АMANAT» партиясына ерекше рақмет. Келер жылы Астанада (қаңтар-ақпан айларында) үлкен дөңгелек үстеліміз болады. «АMANAT» және «Ауыл» партияларының басшылары, министрлер, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, мамандар қатысады. Сіздердің барлықтарыңызды ресми жаңа жылмен құттықтаймыз!

 

Ыстық ықыласқа толы жүздесулер

«Qazaqstan dauiri» газетінің, «Мөлдір бұлақ» журналының және «Елана» сайтының Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясының басшысы Сәуле Мешітбайқызы сапарын Тараз қаласында түйіндеді.

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті бірнеше жылдың бедерінде билік пен халық арасын жалғаған алтын көпірге айналды. Халықтың мүддесін, мұңы мен тілегін билікке жеткізіп қана қоймай, өзекті мәселелерді ашып жазып, түйіні тарқатылмаған көп проблемалардың шешілуіне оң ықпалын тигізді. Міне, биыл да дәстүрлі экспедиция мүшелері республика көлемінде қала мен ауылдарды аралап, халқының тыныс-тіршілігімен танысып, жазылым бойынша үгіт-насихат жүргізді.

Экспедицияның Жамбыл облысына сапары барысында Сәуле Мешітбайқызы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен де кездесіп, қала жоспарымен танысты. Көптеген көкейтесті мәселелерді сөз етті. Кездесу барысында түрлі ойлар, сауалдар ортаға тасталды. Тіл мәселесі, ұлттық құндылықтармен қатар басқа да толып жатқан жасөспірімдерге қатысты проблемалар сөз болды. Тағы бір екерше айта кетер мәселе «Qazaqstan dauiri» ЖШС мен Тараз қаласы әкімшілігі бірлесе жұмыс істеуге пейіл танытты. Газетте Тараз қаласының жаңалықтарына арнайы бет берілетін болды.

Сондай-ақ Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлымен кездесті.  Ол аталған экспедиция аясында еліміздің барлық өңірін аралап, өзекті мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізгені жөнінде ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ 2025 жыл облысымызда «Кітап оқу» жылы болып белгіленгеніне байланысты, жастарды кітап, газет-журнал оқуға тарту бойынша да облыс әкімшілігінің жоба-жоспары талқыға салынды. Келелі кездесуде облыста қолға алынып жатқан тойдың ішкі мәдениетін қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Қазіргі кейбір тойлардағы ысырыпшылдық пен даңғазалыққа көңілі толмайтындығын баса айтып, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді. «Qazaqstan dauiri» газеті облыс әкімінің бастамасын қолдап, «Жамбыл облысының ұлттық өнер жанашырларының елімізде той және басқа да жиындарды өткізуге байланысты халыққа Үндеуін» жариялады. Сонымен қатар «Әулиеталықтардың той мәдениеті туралы Үндеуі қолдауға лайық» деген тақырыппен Сәуле Мешітбайқызы Үндеуге үн қосты. 

Кейінгі жастарға қайсарлығымен, үлгі-өнегесімен, өз ойын ашық та бүкпесіз білдіретін батылдығымен үлгі болып жүрген Сәуле Мешітбайқызының ұсынысы мен бастамаларын ескеретінін облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы баса айтты.

Облыс әкімінің идеология жөніндегі (білім, дене шынықтыру және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін) орынбасары Серік Жақсылықұлына алғысымыз шексіз. Әсіресе ол экспедициямыздың сәтті өтуіне ерекше қолдау көрсетті. Облыста қай жағынан болса да ерекше қолдауды сезіндік. Серік Жақсылықұлының бастамашылдығы, жаңашылдығы, сабырлылығы бізді тәнті етті.

Сапар аясында Сәуле Мешітбайқызы Жамбыл облысының Ауылшаруашылық басқармасының орынбасары Құлекеев Төлебек Болатұлымен кездесіп, облыстағы «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы және көкейтесті мәселелер туралы сөз етті. Төлебек Болатұлы қаржы мәселесі шешілмей жатқандығын, бағдарламаға былтырғы жылғы қаржысы төленбей жатқандығына қынжылып, бұл ең көкейтесті мәселе екенін айтты. Былтыр да, биыл да қанша мәрте тапсырыс берсе де, проблеманы шешілмей жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ басқарма басшысымен өңірдегі көптеген басқа  да проблемалар талқыланды.

Сондай-ақ  Сәуле  Мешітбайқызы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлымен де кездесті. Жүздесу барысында Сәуле Мешітбайқызы мен Рауан Нұрғалиұлы өңірдегі білім саласындағы, жастар тәрбиесі, ата-аналардың бала алдындағы міндеті, ұлттық құндылықтар, ауыл жастарының жағдайы секілді маңызды мәселелерге тоқталып, орамды ойларын ортаға салды.

 

Гүлфия Елемесова

 

Экспедициямыз сапарын Таразда түйіндеді

Ел анасы Сәуле Мешітбайқызының Жамбыл облысына жасаған баспасөзге жазылу бойынша үгіт-насихат жұмысы Тараз қаласындағы №66 жайлы орта мектебінде қорытындыланды. Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, қала мектептерінің мұғалімдері мен газет оқырмандары қатысты. 

Мұғалімдер қауымымен өткен кездесуді қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы сөз «Qazaqstan dauiri» газетінің, «Мөлдір бұлақ» журналының және «Елана» сайтының бас директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызына берілді.  Халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті бірнеше жылдың бедерінде билік пен халық арасын жалғаған алтын көпірге айналды. Халықтың мүддесін, мұңы мен тілегін билікке жеткізіп қана қоймай, өзекті мәселелерді ашып жазып, көп түйіні тарқатылмаған проблемалардың шешілуіне оң ықпалын тигізді. Міне, биыл да дәстүрлі экспедиция мүшелері республика көлемінде қала мен ауылдарды аралап, халқының тыныс-тіршілігімен танысып, жазылым бойынша үгіт-насихат жүргізді. Экспедиция сапары Тараз қаласында түйінделіп отыр. Жалпы «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясы аясында Сәуле Мешітбайқызы ауыл жағдайымен жақынырақ танысып, халықтың ұсыныс-тілегін жазып алып, билік назарына жеткізуге ықпал етпек. 

Жайлы мектептің мәжіліс залында өткен кездесуде өзін, мұнда келгендегі мақсатын таныстырған Сәуле Мешітбайқызы алдымен көпшілік назарына 30 жылдан аса тарихы бар «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті мен балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналының және «Елана» сайтының жұмысы туралы дайындалған бейнероликті көрсетті. Осыдан кейін өз өмірінен, көрген-білгенінен мысалдар келтіре отырып, кездесудің көркін аша түсті. Сонымен қатар, мұғалімдер қауымын еркін пікір алмасуға шақырды. 

– Газетті басқаруға келген 17 жыл көлемінде республикамыздың түкпір-түкпірін араладым. Халықтың жағдайымен етене таныстым. Осыдан он жыл бұрын болашағы жоқ деген ауылдарды көріп, жүрегім ауыратын. Енді соңғы үш-төрт жылда ауылдардың жағдайы едәуір көтерілгенін көріп қуанып қалдым. Солтүстік өңірлерге «Серпін» бағдарламасы арқылы халық қоныстанып, болашағы жоқ ауылдар қатары азайды. Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы да бүгінгі күні өзінің оң нәтижесін беруде. Жуырда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев той мәселесін көтерді. Дер кезінде көтерілген мәселе деп білемін, – дей келіп, Сәуле Мешітбайқызы ұстаздар қауымымен еркін пікір алмасуға бастамашы болып, бірқатар мәселені ел назарына шығарды. 

Осыдан кейін пікірсайыс қызып сала берді. Мектеп мұғалімдері көкейлерінде жүрген ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Той, ұлттық құндылықтар, бала тәрбиесі тағы басқа да мәселелер төңірегінде толғана ой қозғады. №47 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Әліпбаева газет пен журналдың көтерер жүгі, атқарар қызметіне тоқтала келіп, жуырда оқушысы «Мөлдір бұлақ» журналы жариялаған байқауға қатысып, жүлдемен оралғанын айтты. 

– Біздің төрт оқушымыздың мақалалары «Мөлдір бұлақ» журналында жарық көрді. Байқау қорытындысында жүлделі орынға ие болған оқушыларымды Алматы қаласына бастап барып, тамаша, әсерлі кештің куәсі болдық. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалармен таныстық. Онда жас журналистер мақала жазу технологиясымен бөлісті. Сөйтіп «Мөлдір бұлақ» байқауынан рухани байып қайттық. Біздің міндет – балаларды газет-журнал, кітап оқуға баулу. Осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырудамыз, – деген ол алда газет-журналға өз мектебінде жазылуды ұйымдастыруға ықпал ететіндігін жеткізді. 

Кездесу барысында түрлі ойлар, сауалдар ортаға тасталды. Тіл мәселесі, ұлттық құндылықтармен қатар басқа да толып жатқан жасөспірімдерге қатысты проблемалар сөз болды. Кейбір сұрақтарға Сәуле Мешітбайқызы ұстаздық, аналық қырынан ашылып жауап берсе, кейбір ұсыныс-пікірлерге қолдау білдірді. Жиын соңында №66 жайлы мектеп директоры Фәрида Шортанбекова да жазылымды ұйымдастырып, балалар журналына балаларды демеушілер арқылы жаздырып, қолдау көрсететіндігін айтты. Жиынды қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қорытындылады. 

Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы
20.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 56
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 112
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 26
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 60
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 58
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 112
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 143
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 147
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 135
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 142
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 149
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 143

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11274
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10210
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13456
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12410
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17418