Ауыл тұрғындары жеңілдікпен несие ала алады

Ауыл тұрғындары жеңілдікпен несие ала алады

2023 жылдан бастап Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларының тұрғындары бизнесті кеңейтуге, мал, ауылшаруашылығы техникасын немесе жабдықтарын сатып алуға жеңілдікпен шағын несие ала алады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны кеңейтудің арқасында мүмкін болады. 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды. Ақтөбе облысының тұрғындарына бұл жобаның шарттары мен ережелері туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өңірге жұмыс сапары кезінде айтып берді.

АШМ баспасөз қызметі: «Аталған жоба бойынша шағын несие беру мерзімі – 5 жыл, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қосымша қанша қаражат қажет екенін анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізіп жатыр.

Ермек Сахариев
19.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5121
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20078
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18723
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22181