Ауылда ағайыны қалмаған қазақтар көбейіп барады

Ауылда ағайыны қалмаған қазақтар көбейіп барады

Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

Жаңа аптамыз жақсылыққа толы болсын! Жұрттың жеке өзінің сауабы үшін жасайтын ауызашарларын талқылап болсаңыздар, енді ұлттық мәселеге қарай ойысайық. Ауылдағы қазақтың алпыс пайызға жуығы қалаға немесе қала маңына шоғырлануы тіліміз бен дәстүрімізге қауіп төндіріп тұрғаны жасырын емес. Қалада өскен бала отбасы қанша қазақы болса да орысша ортаның қақпанына түсіп қалады. Оның үстіне соңғы он жылда гаджеттердегі орысша ақпарат пен ойындар балаларымыздың миын шайқап жіберді. Ақын Бекжан Аширбаев  досымыз бір айтыста «пушкасы келіп үйді атқан, Пушкині келіп миды атқан» деп еді. Енді соған интернет деген құбыжық қосылды. Қазір дәл содан қатты зардап шегіп отырмыз. Қала мектептерінің сырты қазақша болғанымен іші орысша. Сабақты қазақша оқыған бала дәлізге шыға салып орысша сайрайды. Оның несін жасырамыз? Бастауыш пен баяндауыштың орнын ауыстырып, былдырлап сөйлеген балаларды қазақша сөйлейді деп мәз болып жүрміз. Бізге балалардың тілін емес, дүниетанымын қазақшалау керек. Онсыз ештеңе өзгермейді. Оған мектептердің шамасы жетпейтініне көзім анық жетті.  Біз қазақ «қарынымың ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына жылаймын» деген ел едік. Түріміздің Азиядағы біраз елдерден айырмашылығы жоқ. Олардан бізді ерекшелеп тұрған тіліміз бен дәстүріміз ғана. Әлемге «мен» деп көрсететін тіл мен дәстүрден артық қадірлі дүниеміз бар ма? Бұрын қала балаларын жазғы каникулда ауылға жіберіп, аз да болсын қазақыландырып алатын. Қазір ауылда ағайыны қалмаған қазақтар көбейіп барады. Барлығы күнкөріс қамымен бас сауғалап, қопарыла көшіп кеткен. Сырттан көшіп келген қандас ағайындар сеп бола ма деп едік, олардың балалары да орысшаланып жатқанын көріп жағамызды ұстадық. Енді не істемек керек? Осылай отыра берсек жиырма-отыз жылдан кейін қазақша сөйлейтін жастарды майшаммен іздеуіміз мүмкін. Сондықтан мен Мәжілістегі тіл үшін бей-жай қарамайтын депутаттарды осы мәселеге көңіл аударуға шақырамын. Бұл депутаттарға "сайлаушының сауалы" деп қабылдаңыздар. Осы мәселеге бір ұсынысым бар. Жазғы және қысқы каникулға шыққан қала балаларына бір айлық «Тіл мен дәстүр» деген лагерлер ұйымдастыру керек. Ол лагерлерде оқушыларды қазақтың әдеби тілімен сөйлетіп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнату керек. Оның методикасын түрік орталықтарынан алуға болады деп ойлаймын. Сол орталықтарға барған балалар бір жылдың ішінде түрікше сайрап кетіп жүргенін көрдім. Бізге осыны жасауға не кедергі? Парламент Мәжілісіндегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймагамбетов  пен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары Максим Рожин  бастаған, Қазыбек Иса , Аманжол Әлтай , Жанарбек Әшімжан , Erlan Sairov , Ринат Заитов , Мақсат Толықбай  Дәулет Мұқаев , Нартай Сарсенгалиев, т.б. депутаттардан осы мәселені көтереді деп үміттенемін.

Серікзат Дүйсенғазының фб парақшасынан
11.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 13
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548