Ауылды дамыту – cтратегиялық міндет

Ауылды   дамыту –   cтратегиялық міндет

Ел анасы, белгілі қоғам қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры, «Qazaqstan dauiri» ЖШС Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен кездесті. 

Қазақтың қарашаңырағы, ата-бабадан жалғасқан салт-сана, әдет-ғұрып, ырыс-береке, мейірім мен қайырымның ұясы, алтын бесік – ауылдың бүгінгі жағдайына бәріміз алаңдаймыз. Ал Сәуле Мешітбайқызы талай жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында еліміздің шалғайдағы ауылдарына, тіпті қияндағы елдімекендерге үнемі барып, халықтың жағдайымен етене танысып, ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігін көзімен көріп, қордаланған көп мәселелерін көңіліне түйіп жүреді. Сонымен қатар үнемі баспасөз бетінде халықтың жанайқайын билікке жеткізіп, ауыл проблемасының шешілуіне жоғарыдағылардың назарын аударып  отырады. 

Қазіргі күні Қазақстанда 7 мыңдай ауыл бар болса, солардың 3 мыңы ғана аяғына нық тұрған, жағдайы жақсы ауылдар санатында. Ал 2500 ауылдың жағдайы орташа деңгейде саналса, 1000-ға жуық ауыл болашағы жоқ шағын ауылдар есебінде. Қазақтың тамыры – қасиетті ауыл. Сондықтан ауылдан қол үзуге болмайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары «айрандай ұйып отырған» қаншама ауылдарымызды жоғалттық. Ауылдан қол үздік. Мал саны кеміп, жайылым тарылды. Қасиетті Жер-Ананың киесін ұмыттық. «Жатып қалған бір тоқты, жайылып мың қой болған жер» деп Қазтуған жырау жырлаған құнарлы топырақ ендігі кезекте халықтың игілігіне қайтадан қайтуы керек.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Ауылшаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет», – деген болатын. Егер үкімет ауылға қатысты стратегиялық міндетті жүзеге асырамыз десе, алдымен ауыл халқының тіршілік көзі – малының жайылымы тарылып, тіпті аздаған егін шаруашылығының да шатқаяқтап, талай жылдар шымбайына батқан ащы проблеманың шешілуіне мүдделі болуы керек. Кездесу барысында Сәуле Мешітбайқызы ірі латифундистерден қайтарылуға тиіс жер мәселесіне, оларды пайдалану, халықтың игілігіне жарату жолдарына қатысты және қолдағы малды өсіру, су тапшылығы мәселелері, ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, тіпті қаңғыбас иттер мен ветеринариядағы т.б. атқарылуға тиіс көптеген мәселелерді көтерді. Сонымен қатар кадр мәселесі, ауылшаруашылығына маманданатын студенттердің жағдайы, оларды ауылға тарту мәселелері жөнінде де пікір алмасты. 

Ал Ербол Қарашөкеев Сәуле Мешітбайқызы көтерген мәселелерге қатысты көзқарасын, ауылшаруашылығын реформалау жөніндегі ойларын ортаға салды. Көп жылдар бойы қордаланып қалған көптеген мәселелер жөнінде бүкпесіз пікір алмасып, Жер-Ананы эрозиядан қорғау, құнарлылығын сақтау мен мал азығын өсіру, жерді тиімді пайдалану, суландыру жөніндегі қадау-қадау мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Яғни ауылды түлету дегеніміз экономикамыз бен әл-ауқатымызды көтеру десек, ең алдымен ұсақ-түйек демей, ауылшаруашылығына қатысты барлық проблемаларды, отандық азық-түлікпен қамтамасыз етуден бастап, малдың терісін пайдаға жаратуға дейінгі барлық мәселелер қамтылды. Солтүстік өңірлерде егін шаруашылығын дамыту үшін жердің құнарлылығын сақтау мақсатында азот бөлетін мал азығын егу жайы да егжей-тегжейлі талқыланды.   

 «Qazaqstan dauiri» газеті 13 жылдан бері «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтымен, Ауыл шаруашылығы министрі және «Нұр Отан» – «АMANAT» партиясымен бірлесіп жүзеге асырып келген «Ауыл – ел бесігі» дәстүрлі экспедициясын биыл «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деген атаумен Президент Жолдауы аясында жалғастырып жатыр. Елдің болашағы, ұрпақтың рухани ордасы ауыл екенін жоққа шығаруға болмайды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» дейді. Сондықтан Сәуле Мешітбайқызының басшылығымен «Qazaqstan dauiri» газеті ауылға барып, ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдап, ортақ проблеманың шешілу жолдарын бірлесе көтеруді, билікке жеткізуді өзінің міндеті санайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ауылшаруашылығына қатысты проблемаларды үнемі назарда ұстап, нақты  реформаның жүзеге асуына бірлесе еңбек етсек деген ниеті бар. 

Ал ауылдың жағдайына алаңдайтын ағайынға ауыл жайлы, жүзеге асуы тиіс реформа жайлы үнемі газет бетінде ақпараттық-сараптамалық мақалалар ұсынатын боламыз. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611