Ауылдың әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешу басты мақсат

Ауылдың әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешу басты мақсат

Бүгінгі Сырдария ауданының халқымен кездесу – алқабы алтын дәнге, өрісі төрт түлік малға толы ауызбіршілігі ұйысқан, салт – дәстүрге биік мекен – Қоғалыкөл ауылында жалғасты. Осы киелі топырақтан талай елге танымал Алты Алашқа аты танылған тарихи тұлғалар өсіп-өнген. Тарихтың тереңінен сыр шерткен Қоғалыкөл жері өзінің «Қыш қаласымен», «Ұлы жібек жолы керуені» сүрлеу салған ұлы жолымен таныс.
Ауыл халқымен кездесуде жұмыспен қамтамасыз ету, жастарға патриоттық тәлім тәрбие беру, қарттарға қамқорлық, жанұяға байланысты әлеуметтік бағыттағы талайдан бері көкіректе жүрген мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырдық. Бір қуантары – халқымның осы мәлелелерді шешуге деген шын ниеті мен құлшынысының күннен күнге артуы. Сондықтан менің әр мінберде сөйлеген сөздерімнің негізгі бағыты мен мақсаты – ауылды өркендету, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің жан-жақты артуы.
Ауылдың әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешу «Ауыл» партиясының басты мақсаттарының бірі болғандықтан, алда ауылға деген үлкен бастамалар болатынына сеніммен айта аламын.

Жигули Дайрабаев
11.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5092
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5256
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20216
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22317