Жергілікті жердегі елді мекен тұрғындарымен кездесуім аудан орталығынан шалғайда орналасқан Далақайнар және Д.Қонаев ауылдарында өтті.
Кездесуде ауылда қолға алынып жатқан игі бастамалар туралы айтылып қана қоймай, тұрғындарды толғандырған түрлі түйткілдер де сөз болды. Дәлірек айтқанда, далақайнарлықтар жайылымның жетіспеуі мен газдандыруға қатысты мәселе өте өзекті екенін жеткізді. Сонымен қатар, ауылдағы білім ошағының қоршауы және жұмысы саябырсып қалған спорт алаңшасының құрылысын да аяқтап беруді сұрады. Ал, аудан іргесіндегі Д.Қонаев ауылында өткен басқосуда тұрғындар электр жарығының жиі өшетінін айтып шағымданды. Одан бөлек, қаңғыбас иттерден келетін қауіптің де сейілмей тұрғанын айтып, нақты шара қолдануды сұрады. Ауылдықтарды алаңдатқан тағы бір мәселе - Шатыркөл кен орнымен байланысты. Сондықтанда тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер назарға алынды. Ендігі кезекте әрбір сауал бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нақты шешімдер қабылданады.