Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған салтанатты жиын Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында өтті. Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шараның шымылдығы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының актерларының театрландырылған қойылымымен ашылды. Жиынды ашқан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.
Әкім сөзінде;
– Тіл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан балалар мұрасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, биыл баршамыз тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойын және тілдер мерекесін қатар атап өтіп отырмыз. Өткен жылы ЮНЕСКО ұлы ғалымның мерейтойын атап өту жөнінде шешім қабылдады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін тілдің орны айрықша екендігіне зор мән берді. Оған «Егерде біз қазақ екенімізді ұмытылып қалуды тілемесек, тіліміздің де сақталып қалу қамын қатар ойлауымыз керек» деген сөздері айқын дәлел. Ол ұлт тілін сақтаудың орасан зор маңызын халқымыздың санасына сіңіре отырып, қазақ тілін ғылымға бейімдеді. Ағымдағы жылы еліміздің барлық аймақтарында ғалымның 150 жылдығына арналған түрлі форматтағы мәдени-көпшілік іс-шаралар өтуде. Облысымызда Ахмет Байтұрсыновтың мол мұрасын зерттеуге арналған халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және көптеген мәдени шаралар өтуде. Ұлы ғалымның шығармашылығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты өңіраралық айтыс өткізіледі, – дей келіп, өңірімізде тіл саясаты бағытында атқарылып жатқан ауқымды шараларға да тоқталып өтті.
Ұлт ұстазының есімін ұлықтау мақсатында Ақмола облысындағы 1 мектеп пен 22 көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген. Алдағы уақытта Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжіне, республикалық ономастикалық комиссисяның қолдауымен Біржан сал, Жақсы аудандарындағы екі орта мектебіне, сонымен қатар, аудан орталықтары мен ауылдардың көшелеріне ғалымның есімі берілетінін, көпшілікке жеткізді.
Құттықтау сөзінен соң Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы өңірдің тіл жанашырлары, тіл саясатында сүбелі еңбектенген қоғамдық ұйым жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер, тіл жайын толғаған журналистерді әр түрлі денгейдегі силықтармен марапаттады..
Іс шарада Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғыллымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев жиналған қауымды Қазақстан Республикасы халқының тілдері мерекесімен құттықтап, қазақ тілінің көнерген тұстарына тоқталып, қазақ тілінің көнеде, сөздік қоры өте бай екенін дәлелдермен келтірді. Мемлекттік тілдің өз тұғырына қона алмай жүргенінде өкінішпен атап өтті. Ғалым ағамыз жер су атауларынада тоқталып, жер су, елді мекен атауын зерттеп, байырғы атуларын қайтарған жөн деп, атады. Мереке ән шашумен аяқталды. Осылай Еліміз тәуелсіздік алсада, ана тіл –қазақ тілі, мемлекеттік тіліміз , ресми тілдің боланынан шыға алмай, халықтар тіліне айналып, қапалансақта, көңілге медеу тұтып, жыл сайын арқа жарқа тойлап келеміз. Ұлт ұстазы Ахметтен басталған ұлттық тіл үшінгі күрес, ақырына жететін күнді болжау оңай болатын емес.Оған себеп. Ана тілімізді ардақтап, ұлттық тілімізді ұлықтау, мемлекеттік тілді мәртебесіне көтеру санамызда оянсада, намыс шыңдалып, серпілмей тұр... Мерекелік шара Қазақстан Республикасы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, елге танымал эстрада жұлдызы Ибрагим Ескендір «Көктудың желбірегені. Елімнің асқақ беделі... Таласқа түссе жанмен ту. Жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені.» -деп, әуелете шырқады. Жұрт қосыла шырқады. Көк тудың желбіреуіне, маңызды роль атқаратын құндылық- қазақ мемлекетінің , мемлекеттік тіл- қазақ тілі деген асқақ ой, жұрт көкірегінде, мәңгі орнасын деп, тіледік