Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді

Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасында Наурыз мерекесіне орай, халқымыздың салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Бақ-берекем, құт-берекем – әз-Наурыз» атты әдеби- сазды кеш өткізілді.

Оқырмандарға Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер беріліп, қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу рәсімі көрсетілді. Онда Әзизхан Қайрат есімді 1 жасар сәбидің тұсауы кесілді. Бүлдіршіннің тұсауын Тараз қаласындағы Шолохов атындағы кітапхананың меңгерушісі Айнаш Тасмаханбетова қиды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы балалар жыл басы жайлы өлеңдер оқып, әндер орындады. Тақырыпқа байланысты «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Наурыз тойының шығу төркіні, қазақ халқының әдет- ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамдары туралы әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Осылайша, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттады.

 

Гүлзада БӨЛЕНТАЕВА, №4 кітапхана меңгерушісі. Тараз қаласы
21.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 439
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 629
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 626

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19328
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19176
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34315
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32886
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36689