Өткен ғасырдағы Азамат соғысы жылдары Қазақстан тарихында ауыр сынақ кезеңі болды. Сол кезеңдегі тарихи құжаттар мен жазбалар аралдықтардың ерлік істерін жан-жақты баяндайды. Мысалы, 1974 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақстандағы соғысы» атты кітаптың 201-бетінде былай делінген:
«1919 жылдың 21 шілдесінде стансаға Ақтөбе майданының штабы келді. Келуіне жергілікті тұрғындар арасынан 18 жасқа дейінгі жігіттерді ұйымдастырып, қала айналасына қорғаныс құрылысы жүргізілді».
Азамат соғысы кезінде Арал аймағында да жергілікті тұрғындар белсенді түрде әскери-қорғаныс шараларына атсалысты. Арал қыстақтық Кеңесінің қорында сақталған құжатта көрсетілгендей:
«Ташкент. Соғыс Комиссариатының КенДеп қаулысымен Аралдан 35-51 адам шамасында 9 отряд жасақталып, соған байланысты қару-жарақ қажет екендігі хабарланады. Төрағасы – Горланов. 1919 жылдың 20 ақпаны. Арал стансасы».
Осы кезеңде ақгвардияшылар Ақтөбе қаласы мен Ембі, Мұғалджар, Шалқар стансаларына қарай беттеп келіп, халық арасында абыр-сабыр тудырды. Аралдағы тұрғындар мен жұмысшы-қызметкерлер окоп-орлар қазып, түрлі қорғаныс шараларын ұйымдастырды. Жасақталған атты барлау топтары кезекпен күзетке шығып, Сексеуіл және Конту стансаларына жақын елді мекендерді бақылап отырды.
1919 жылдың 29 тамызында Сексеуіл стансасы жағынан келе жатқан ақгвардияшыларға қарсы қаруланған жұмысшылар мен шаруалар тойтарыс берді. Ұрыс ұзаққа созылып, 1 қыркүйекте аяқталды. Тарихи құжаттар бұл оқиғаны «Арал қорғанысы» бекінісі деп атайды.
Арал қаласында ерлік көрсеткен тұрғындар арасында Ілияс Құлжанов пен Ілияс Жамаладин ұлының балалары да бар. Олар мен олардың ұрпақтары осы тарихи өнегелерін әрі қарай жалғастыруда.
Арал қорғанысы – азамат соғысы жылдарындағы жергілікті халықтың ерлікке толы тарихы. Бұл оқиға халықтың бірлігі мен батылдығын, туған жерді қорғау үшін жасалған үлкен әрекетті көрсетеді. Сонымен қатар, тарихи деректер қазіргі ұрпаққа өз Отанын сүю, оны қорғау және елдің тыныштығын сақтау жолында үлгі болып қала береді.
Гүлайым ИЛЬЯСОВА,
Қызылорда облысы















