Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 12 мақала, 11 телебағдарлама, 4 сайт мақаласы түскен.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік мақала» аталымы бойынша ардагер журналист Көкен Оршабеков жеңімпаз атанса, «Аq jol»-дық әріптесіміз Есет Досалы, «Ar-Аi» газетінен Айжан Өзбекова және шулық ардагер журналист Ахметжан Қосақов арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.
Ал «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым» аталымы бойынша тараздық Айгүл Иматаева мен Салтанат Кусева жеңіс тұғырынан көрінді. «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша Райхан Иманбаева, Назерке Аяз арнайы дипломға, Аягөз Құлманбет, Мерей Бает және Олжас Айтбанов Алғыс хатқа ие болды.
Байқауды облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова қорытындылап, барлық БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтады.