Сарысу ауданында 8 наурыз–Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Әйел–ана, әйел–жарың, шырағың» атты мерекелік концерт өтті.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы құттықтау сөзімен ашып, «Сіздер–өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнарысыздар! Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуында қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі бар», – деп ерекше тілегін жеткізді.
Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан, мемлекетіміздің өркендеуіне атсалысып, жұмыспен қатар отбасына, бала тәрбиесіне үлгеріп жүрген арулар облыс әкімі, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарына ие болды. Көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тапсырылды.
Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Сонымен бірге, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылып, аудандағы барлық саладағы әйел мамандар қамтылды. Салтанатты дастарханда ер азаматтардың шынайы көңілден шыққан құттықтаулары қуаныш сыйлап, жылы тілектер айтылды. Әйелдердің қоғамда аса маңызды орын алатындығын аудан басшысы атап өтті.
Әйел қауымына деген ыстық ықыластарын әнмен жеткізіп, гүл шоқтарын таратып, биге ұласты.