Барселона әуежайындағы сұңқарлар

Барселона әуежайындағы сұңқарлар

МҰХТАР КӨКЕМ ДӘЛ БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСЫПТЫ.  ҰЛЫЛЫҚ ДЕГЕН ОСЫ-АУ!

Бұл не өзі, әлде даңққа ғашықтық?

Талайлар жүр өлең-жырды кәсіп қып,

Десек-дағы іскерміз һәм батылмыз,

Біз солармен күресе алмай жатырмыз.

Кедергілер көлденеңдеп күтпеген,

Пәле болды көңіл жықпастық деген.

Шығып жатыр,

Шығып жатыр құлшынып,

Бойсыз,

Ойсыз,

Тек ұшуға құштарлар,

Құштарлықтан тұра ма әлде тіршілік?!

Жеке күйттеп әдеттенген бас қамын

Бір-біріне ұқсас,

Ұсақ құстардан

Тазартамыз қалай өнер аспанын??? –

Деген сұрақ алдымызды кес-кестеп,

Кешегіден келіп жетті бүгінге.

Қиын,

Қиын ойланбасақ түбінде.

Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан

Ұқсастық пен ұсақтықтан

Қашан қонар екенбіз біз зор парасат-пайымға...

Барселона әуежайында

Болды бірде ғажап жағдай таң қалар:

Кілең ұсақ, майда құстар — шымшық,

торғай, қарғалар

Билеп алып аспанды

Реактивті ұшақтардың

Самғауына қиын кезең басталды.

- Бізді мұнша әлек еткен,

Бұл күтпеген пәлекеттен

Құтылатын жол қайда,

Ғалымдардан, сірә, көмек болмай ма?

Дүлей үрей құшағында азап шектік күнделік,

Майда құстар турбинаға

Жойқын ауа толқынымен бірге еніп,

Бес нән ұшақ істен шықты соңғы айда, -

деп өтінді ұшқыштардың бастығы

 

Ғалымдардың басшысы — үлкен қасқа маңдайға.

"Ғылым үшін, міне, жаңа тақырып",

Қасқа маңдай аз ойланып отырып,

Табыстады істі басқа маңдайға.

Басқа маңдай ертіп басқа маңдайды

Жете зерттеп, түсінгенмен мән-жайды,

Құпияның құлпы ашылмай қасарды,

Түрлі-түрлі тәжірибе де жасалды.

Айлар өтті нәтижесіз күйбеңмен,

Ұшақтардың гүріліне әбден еті үйренген

Қу құстардың әуежайды басынғаны соншалық

Бірін-бірі шұрқыраса қарсы алып,

Бір-біріне қоштау айтып тамсанып,

Таңнан таңға масайрады ән салып.

Тым бейхабар мынадай "ғаламаттан"

Мадридте оқитын

Ұлын көріп қайтуға бара жатқан,

Тарпаң тағдыр сарқа алмаған қуатын,

Құзар таудың баурайында тұратын

Орманшы қарт үлкен қасқа маңдайдың

Еді жақын туысы.

О, сәттілік десеңізші қандай бұл!

Күллі өмірін орман бұрған

Туысымен қасқа маңдай шай ішті.

Сосын өзін толғандырған

Әрі қатты арландырған

Оқиғаға ойысты.

- Әй, балам-ай, балам-ай!

Ғалымсыңдар дүниені нұрландырған талғамы,

Қолдарында ғасырлардың толғағы.

Кейде ұстаз-табиғатқа шәкірт көзбен қарамай,

Шалыс басып қаласыңдар,

мынау соның салдары, - деді орманшы күлімдеп,

- Қиын салдар қиын сауал туындатты, десе де,

Бұл - оп-оңай шешілетін мәселе.

Әуежайға төрт-бес сұңқар табыңдар,

Қайсарлығы көз арбайтын,

Ұсақ құсты көргенде төзе алмайтын

Сұңқар деген - тіршілікке нағыз іңкәр дарындар.

Еркін ұшып шығу үшін биігіне қалаған,

Оларға сол арадан

Жайлы ұя салыңдар

Және ерекше жағдай жасап бағыңдар.

Сонда майда құстардың сұсы қашып,

Еңсесін сұңқарлардың мысы басып,

Іздеу үшін жанға жайлы басқа орын

Тастай қашар сол әуежай аспанын.

Көкірегін көрікті ойға бөлеген

Орманшы қарт, шынында да, болып шықты көреген.

Ұсақ құстан күрт тазарып күллі әуежай аспаны,

Ұшақ біткен еркін самғай бастады.

Жеңіл соқпас осы қайсар заңдылықты меңгеру,

Саған қашан келер екен кемел кез.

Міне, аға, сұңқарларға жол беру –

Майдаларға күрес ашу деген сөз.

Ал сен кімге, қай сұңқарға жол бердің?

Есіңде ме,

Кімге кімді теңгердің?

Қаптаған көп бала тайдан

Суырылып шыққан кезде дара тай

Демедің ғой "Алақай".

Жеткергенов Жебегенге,

Айбергенов Төлегенге

Бір көзбенен қарап обал жасадың ғой, ағатай!

Енді бүгін қолдан билік, бойдан күшің қашқанда,

Жалтақтайсың жан-жағыңа,

алақтайсың аспанға,

— "Сүйеніші,

Қамқоршысы,

Мектебі,

Емес пе едім —

Асқаны ма, неткені?

Ебін тапса ысырады шеткері,

Елемейді, сыйламайды,—деп,—мені".

Өкпелейсің, ұқсас әрі ұсақ қанат жастарға.

Иә, олар қадіріне жетпеді!

Құтылам деме өзгеге артып кінәні!

Сен жауап бересің әлі

Жолыңды салмай қиынға

Жөніңді таппағаның үшін,

Сұңқарлар болған жиында

Шымшықты мақтағаның үшін.

Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан

Ұқсастық пен ұсақтықтан

Біз әрдайым тиістіміз қорқуға.

Не ғаламат жатыр мына ғасырының бойында?

Желтең,

Мазаң ойменен

Жүргендеймін кейде мен

Барселона әуежайында.

Бір кез әлгі орманшы кеп қасыма

Балап мені баласының досына,

Мейіріммен күлімсіреп жанары:

— Әне, ұлым,

Уақыттың талабы —

Ерте, кеш пе, бәрін жөнге салады.

Сұңқарына жағдай жасамаған ел

Майдалардың мазағына қалады, —

деп тұрғандай болады.

12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620