Батыр баба – мақтанышымыз

Батыр баба – мақтанышымыз

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жарық көруі біздердің ұлттық бірегейлігімізді сақтау мен санамыздың кемелденуіне жол ашты.

Міне, тап осы аталған құнды құжатта туған жерге деген сүйіспеншіліктен ұшқын пайда болып, ол арқылы Отаныңа деген патриоттық сезімнің от алатыны айқын көрсетілгені де белгілі. Ал туған жердегі есімі елге таныс, қала берді, ұлтымыздың генетикалық кодына жататын жергілікті Алаш арыстарын ардақтап, олардың тұлғалық қасиеттерін алдағы ұрпақтардың санасына сіңіру үдерісі біз үшін міндет әрі әрқайсымызға нағыз ұлтжандылықтың айқын белгісін көрсету жолымыздағы сынақ та. Мейлі ол тұлға еселі еңбегімен есте қалсын, мейлі ол ұлт болашағы үшін  жаумен алыссын, қалай болғанда да олар атамекеніміз үшін есімдері алтын әріппен жазылып, биіктен көрінуге тиіс ел ардақтылары қатарында. Осы тұрғыда өткен қасиетті жұма күні аудандық мұражайда, Сұраттағы С.Сейітова басқаратын Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖОББ мектебінің үйірме жетекшісі Айжан Нарбекованың тамаша ұйымдастыруымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен төрт Дулаттың айбары саналатын Сыпатай батырдың 240 жылдығына арналған «Батыр баба – мақтанышым» атты тарихи-танымдық байқау болып өтті.

Жоғарыда айтқанымыздай, тек қалың Дулаттың мекенін ғана емес, жалпы, еліміздің оңтүстік өңірін сырт жаулардан қорғаудағы ерліктері мен қара қылды қақ жарған әділ билігімен аты мәлім Сыпатай Әлібекұлын ұлықтау мақсатындағы кештің ұйымдастырылу жұмысының жоғары деңгейде екені бірден байқалды. Сонымен қатар кештің өтуіндегі ұрпақтық борыш пен ұтқырлық деуге келетін ой-пікіріміз – оған батыр атамыздың есімін иеленіп отырған №19 ЖОББ мектебінің тікелей атсалысуы еді. Яғни, туған жердің нар тұлғасы – Сыпатайдай данамызға деген айрықша құрметтерін білдірумен қатар батыр бабамыздың өмір жолын жас ұрпаққа терең насихаттауды сыпатайлық мектеп өздерінен бастап отыр деп қабылдадық.

Сонымен, танымдылығымен дара тұрған кешке аудандық мұражайдың директоры Айдын Бәзілов, Сыпатай Әлібекұлы атындағы ЖОББ мектебінің үйірме жетекшісі Айжан Нарбекова, кештің тақырыбы бойынша бақ пен баптарын сынасқан аталған мектептің 6-8 сынып оқушылары қатысса, А.Қосанов атындағы №18 ЖОББ тірек мектебінің бір топ оқушылары көрермен ретінде арнайы шақырылыпты. Тарихи-танымдық байқаудың әділқазылар алқасына келсек, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанат Сүйімқұлова алқа төрайымы болып бекітілсе, аудандық Мәдениет үйі әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сейдалы Аманжолов, аудандық мұражай қызметкері Айман Жүрсінәлиева мен осы жолдардың авторы, аудандық «Меркі тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі Әлихан Нұралиев әділқазылар алқасының мүшелері болды.

Байқаудың жүргізушісі, аудандық мұражайдың қызметкері Дәурен Сахов көшбасшы оқушылардың шығармашылық қасиетін, тілдік мәдениеті мен сөздік қорын байытып, рухани құндылықтарын дамытуға септігін тигізетін байқаудың Сыпатай батыр туралы 1 өлеңді мәнерлеп жатқа айту және батыр бабамыздың өмірбаяны мен өмір жолы туралы сұрақ-сауалдарға жауап беру сияқты 2 кезеңнен тұратынын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Барлығы 14 оқушы қатысып, Сыпатай атамыз жайындағы олардың бойларында жинақталған ілім мен білімдер ортаға салынған байқаудың соңғы нәтижесінде, 1-орын 6-сынып оқушысы Нәби Шалқарға бұйырса, 2-орынға Айғаным Фермебай мен Әнель Сарыналы қатар шықты, ал 3-орынға Айтолқын Бошқұл және Зере Спанқұлова тең жайғасты. Жеңімпаздар орындарына қарай арнайы Дипломдармен, сонымен қатар байқаудың демеушісі, батыр атамыздың ұрпақтарының бірі, «Сыпатай батыр» кесенесінің шырақшысы Элдар Бекетаев тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталса, байқауға қатысқан Аружан Жолдасбек, Ұлбосын Төрехан, Айша Аманжол, Өсер Сақып, Сымбат Нұралы, Нұрданым Сарыүйсінбай, Ұлдана Сауытбек, Қамза Ақпейіл және Қуаныш Бексұлтан Алғыс хаттарға ие болысты. Тарихи-танымдық байқаудың соңында мектеп оқушылары музейдегі Сыпатай Әлібекұлына арналған арнайы бұрыштағы тарихи жәдігерлер мен бай экспонаттармен танысып, өздеріне аса қажетті қосымша мағлұматтарға қанық болды.

– Бұл байқауды аудандық музейдің базасында өткізу ұсынысына біздер қуана келісім бердік. Өйткені, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, өткенімізді қайта жаңғырту арқылы болашағымызды бағамдау үрдісі біздің басты міндетіміз болып табылады. Жастар кешегі өткен ұлт арыстарын терең танып, соларға теңесуге бет бұрулары шарт, сонда ғана олар елі үшін жақсылық жасауға жақын тұра алады. Осы ретте, музей қызметкерлері, біз де батыр бабамыздың туғанына 240 жыл толуына орай, барлық ауылдық округтерде жылжымалы көрме ұйымдастырдық. Онда Сыпатай атамызға байланысты музей қорындағы жәдігерлерді жергілікті жердегі қалың жұртшылыққа тағы бір мәрте кеңінен таныстырып өттік – дейді, музей директоры Айдын Бәзілов бізге берген сұхбатында.

 

Әлихан НҰРАЛИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 100
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817