Батысқазақстандықтардың аманаттары орындалуда

Батысқазақстандықтардың аманаттары орындалуда

Облысымыздағы Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала аудандарының тұрғындары «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттармен кездесу барысында Қараөзен мен Сарыөзеннің мәселесін көтерген еді.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғындары соңғы жылдары аталған қос өзенге келетін су көлемі күрт төмендеп кеткенін, тіпті соңғы 3 жылда су мүлдем келмегенін айтқан. Өзендердегі су деңгейінің төмендеуі мал шаруашылығымен айналысатын осы аудан тұрғындарына  өз кесірін тигізіп, соңғы кездері мал басының қырылып қалуы мүмкін деген қауіп күн тәртібінен түскен емес.

Ресейдің Саратов, Волгоград облыстарынан Еділ өзенінен Үлкен және Кіші өзендерге (Қараөзен және Сарыөзен) келетін су мөлшері азаюының себебі соңғы жылдары қайталанып отырған құрғақшылық, суға деген тәуелділік. Себебі Қазақстан тарапы Еділ суын алуға байланысты шығындарды Ресейге республикалық бюджет есебінен өтейді.

Бүгінгі күні бөлінген қаражат Саратов каналы арқылы 54 млн. текше метр, Волгоград облысынан Палласов жүйесі арқылы 21 млн. текше метр су алуға жетеді, қосымша қажеттілік 131 млн. текше метрді құрайды. Қалыптасқан жағдай судың жоқтығынан емес, керісінше Ресейдің бізге беруге дайын судың шығындарын өтеуге қаражаттың шешілмеуімен байланысты болып отыр.

Үлкен және Кіші өзендердің тартылуы айналасындағы шағын көлдердің жойылуына себеп болып, оған қоса өзен бойында орналасқан кішігірім су қоймаларының барлығы да қазір бос тұр деуге болады. Бұл сулардың таяздануына, минералдануына, ластануына, балықтар мен малдардың қырылуына әкеліп соғуда.

Жоғарыда аталған мәселенің шешілуіне ықпал жасау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының 24 фракция мүшесінің атынан ҚР Мәжілісі Парламентінің Төрағасы Н.Нығматуллин мен ҚР Премьер-Министрі А.Маминге хаттар жолданған. Нәтижесінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жолдаған хатқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысындағы аса қажеттілік және су аздығы жағдайында қалыптасып отырған қоғамдық-саяси жағдай аясында су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында келесідей шешім қабылданған. Яғни, Еділ суын 132,9 млн. текше метр көлемінде Үлкен және Кіші өзенге беру мәселесін 2021 жылға  арналған республикалық  бюджеттің 101 кіші бағдарламасы бойынша 1-ші нақтылау шеңберінде қарастыру үшін 3,5 млрд.теңге сомасында қаражат бөлу туралы ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданып, бюджетті нақтылау шеңберінде пысықталмақ. Бұл мәселені «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы да жіті бақылауға алған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА
05.05.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 827
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6902
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10737
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6970
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7110