«Бауы берік болсын!» деген қандай сөз?

«Бауы берік болсын!» деген қандай сөз?

...Біздің елде де жəне жалпы қазақ әлемінде жаңа туған нәрестеге қарата «бауы берік болсын!» деген тілек айтылады. Ал, осы тілекті (дұғаны) орындайтын баланың əке-шешесі де, туған-туысы да емес, жаратушы Алла. Сонда, «бауы берік болсынның» мағынасы не? Əлде бұл бау – (жіп) ширатпа, арқан, ноқта-жүген, бұйда сияқты бірдеңе ме? Атам қазақ қазақ болып, ұлт болып қалыптасқаннан бері мұсылман, яғни ислам дінінің барлық шарттарын мойындаған Алланың құлы. Құл – біздің ұғымдағы жалшы, мал орнындағы адам деген мағынада емес. Жаратушыға тәуелді деген мағынада.

Қазақтың əр салт-дәстүр, əдеп-ғұрпы – ислам шарттарының көрсеткіші

Ислам дінін ұстанған барлық мұсылман білетін пайғамбарымыздың əйгілі Қоштасу құтпасы деген бар. (Бұл туралы пайғамбар тарихын оқып біле аласыздар). Осы Қоштасу құтпасы туралы жүздеген том кітаптар жазылған... Қоштасу құтпасында Құран мен сүннетті берік ұстау туралы: Абдулла ибн Аббас (р.ғ.) Пайғамбарымыздың былай деп айтқанын жеткізген. – Уа, адамдар! Мен сендерге еш уақытта адаспайтын жіп (нәрсе) қалдырып барамын, ол – Алланың кітабы және пайғамбарының сүннеті деді, – дейді. Ал Құран кəримде «Әнфал» сүресі, 20-аят) Құран мен пайғамбардың жолын ұстануды (жіптен айырылмай ұстауды) ерекше әмір етеді. Əулие, ғұлама ғалымдар да: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, баудан айырылған адасады» дегенді аяттармен түсіндіріп, жүздеген кітаптар жазылған. Мұндағы Алланың жібі – Құран мен сүннет. Бабаларымыз қазақ кең сахарада еркін көшіп-қонып, бытыраңқы жүрсе де, Алланың осы əмірін қатаң ұстанған. Бір төл туса да Алланың сыйлығы деп көрген. Бір нәресте дүниеге келсе, Алланың əмірін орындайтын құл болсын деген. Сондықтан да, Алланың жібі – баудан айырылмасын, ұстаған жіп – бауы берік болсын деген. Ол бау Құран мен сүннет еді... Міне, жаңа туған нәрестеге қарата айтылатын «бауы берік болсынның» толық мағынасы Алланың құлы болсын, Құран мен Сүннеттен айырылмасын, пайғамбарымыз айтқан жіп, арқан, баудан айырылмасын, бұ дүниеге келіп ұстаған бауы мықты, үзілместей берік болсын дегені еді. P.S. Сүннет – пайғамбардың істеген іс-әрекеті, қалдырған өсиеті, Құранның түсіндірмесі еді... Жас нәрестеге «Бауы берік болсын!» айтып, оң құлағына азан оқып, сол құлағына тəкбір айтқан. Осылай Алланың жібінен, яғни бауынан ұстатқан. 

Жұма НАУШЕК
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1244
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2249
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3448