Баян Болатханова, «Molia&DOS» ЖШС директоры, Республикалық «Абитуриент», «Турист» газеттерінің бас редакторы: Газетте қызмет істеген жылдарымды сағынамын

Баян Болатханова, «Molia&DOS» ЖШС директоры, Республикалық  «Абитуриент», «Турист» газеттерінің бас редакторы:  Газетте қызмет істеген жылдарымды сағынамын

Газет қоғамның үні, құлағы, айнасы десек, «Zaman-Қазақстан» халықаралық газетінің дүниеге келуі де заңдылық. Екі елдің рухани алтын көпірі міндетін атқаратын басылым керек еді. Туысқан елдердің достығын, ынтымағын, аймақтардағы экономикалық, саяси, әлеуметтік ахуалды жан-жақты жазып, талдап, талқылап отыру арқылы замандастарымыздың білім көкжиегін, рухани танымын молайтуға мүмкіндік алдық. 

«Zaman-Қазақстан» газетінде Иылмаз мырза бас директор, Жұмабай Шаштайұлы мырза бас редактор боп тұрған 1998-2000 жылдар аралығында бас редактордың орынбасары қызметін атқардым. Курстасым Рахымбай Ханалы мырза да Бас редактордың орынбасары боп жұмыс жасады.  Газеттің бас директоры Ахмет Аляз мырза – жауапты хатшы. 24 бет боп шығатын газеттің түрікше 4 бетінің мақала, хабарларын апта сайын Ахмет Аляз өзі толықтырып отыратын. Қалған 20 беттің мазмұнды, қызықты, ақпараттарының жедел шығуына, газеттің өзіндік бет-әлпеті болуына Бас редакторымыз Жұмабай Шаштайұлы басқаратын шығармашылық ұжым жауап беретін.  Белгілі экономистер, саясаттанушылар, әдебиеттің өнер мен мәдениеттің өкілдері газетіміздің тұрақты авторларына айналды. Қонақжай шаңырақтың қадірлі қонақтары – Қазақстанға танымал зиялы қауым өкілдері болатын. 

Халықаралық басылымның басшылығы ұжымда салауатты өмір салты орнауына ерекше көңіл бөлді. Діни мейрамдарға айрықша мән беріп, айлардың сұлтаны – Рамазанды айрықша атап өтетін. Түркиялық әріптестеріміздің бірі қалмай намаз оқып, ораза ұстаса, жергілікті тілшілердің арасында да кейбірі өз қалауларымен намаз оқып, ауыз бекітетін. Мұның бәрі имандылық мектебі, мұсылмандық әліппесі тәрізді әсер етіп, ұжым мүшелерінің рухани жан дүниесінің баюына ықпалын тигізді. «Zaman-Қазақстан» халықаралық газетінде қызмет атқарған  жылдарымды сағынышпен, қимастықпен еске аламын. Өзім үшін үйрену, тәжірибемді шыңдай түсу уақыты болды деп есептеймін.

 

Ендігі жерде «Qazaqstan dauiri» боп қайта сап түзеген, заманға сай басылымға айналған үнқағаздың мазмұнды ақпарат тасыған қанаты талмасын! Рухани аспанымыздағы 30 жылдық шеруі ғасырларға ұлассын! Екі жүз жыл, мың жылдап биіктерге самғай берсін!

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541