Белсенді жастар қызметі – қоғамның қозғаушы күші

Белсенді жастар қызметі – қоғамның қозғаушы күші

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» деген  Жолдауында: «Жастар – жаңашылдықтың қозғаушы күші. Біз оларға зор үміт артамыз. Жастардың бастамаларын қолдау – бұл стратегиялық міндет», – деген болатын. Қоғамның дамуы және жанданып өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Өйткені жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар әркез жаңа идеялар мен жаңалықтарды  енгізіп, түбегейлі өзгерістердің көшбасшылары болу мүмкіндігі бар. 

«Соңғы жылдары  халықтық мәселелерге үн қосып, әлеуметтік бастамалар көтеріп жүрген белсенді жастар  тобы қалыптасып келеді. Бұл жастар  еріктілер қозғалысының мүшелері, жас кәсіпкерлер, жас  журналистер  мен блогерлер, қоғамдық кеңестерге мүше болып жүрген азаматтар. Олар өз еркімен волонтер болып, қиналып жүрген жандарға қол ұшын беріп, жәрдемдесуде. Міне, осындай белсенді жастар елдің жаңаруына үлес қосып қана қоймай, замандастарына үлгі болуда. Осыған  байланысты халық арасында  жүрген «Жас ұлан», «Жас қыран», «Жасыл ел» ұйымдары  мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің  бастамалары   көпке   үлгі - өнеге бола алады. Бүгінгі қазақ қоғамының ең өзекті мәселелерінің бірі  – балалар мен жасөспірімдерге арналған контент мәселесі.  Youtube пен TikTok-ты қазіргі балалар негізгі ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Осындай платформаларда қазақы құндылықты дәріптейтін, танымдық және тәрбиелік мәні бар контент көбейту де басты қажеттілік. Балаларға арналған сапалы контент жасалуы тиіс. Яғни бұл болашаққа бағытталған рухани инвестиция деп есептеледі. Оны дамытуға тек мемлекет қана емес, бүкіл қоғам  жұмыла кірісуі керек.   Мемлекет белсенді жастардың қызметін жүйелеп,  балалар мен жасөспірімдерге арналған мазмұнды да  тәрбиелік мәні жоғары контент қалыптастыруы қажет», – деп «Қазақ әдебиеті» газеті де осы жөнінде мәселе көтерген екен.

Қазақстан Республикасы біраздан бері «Жастар саясаты туралы» Заңы қабылдаған болатын. Сондай-ақ  «2025 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» да әзірленіп, жұмыс істеуде.  Осы заңдарда  жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы, кәсіпкерлікпен айналысуы мен шығармашылық еркіндігі туралы жан-жақты айтылған.  Бірақ  аймақтардағы  халықтың хал-жағдайына қарасақ, жастар саясаты көбінесе  формалды болып отыр. Ауыл жастарының басты проблемасы – жұмыссыздық, баспананың қолжетімсіздігі, осының салдарынан   жастардың   қалаға қарай кетуі  болып жатыр. Мемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірқатар шараларды қабылдап, жүзеге асыруда. Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы Президенттің Жарлығымен  қабылданған болатын.  Онда  мектеп пен жоғарғы оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын даярлайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан мектеп бітіруші  оқушыларды  мемлекеттік қызметке дайындау істері  жүргізіледі. Яғни мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға  мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ  білімі мен біліктілігін дамыту, кәсіби бағыт-бағдар беру, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын түсіндіру. 

Иә, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі дейміз.  Осы арқылы  жастардың әлеуетін дұрыс дамытып,  қоғамды жақсартуға, болашаққа деген сенімді арттырып, үміт отын жағуға  болады. Сол үшін  елдің дамуына әрбір жастың өз үлесін қосып, қолдан келгенше мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануы керек.

Бетті дайындаған –  Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ

26.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16517
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16369
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31544
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30163
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33756