Халықаралық шахмат федерациясы классикалық шахмат бойынша рейтингті жаңартты. Оған сәйкес қазақ қызы Бибісара Асаубаева бесінші орынға көтерілді. Қазір оның еншісінде 2537,4 ұпай бар. Бибісара алдыңғы бестікке қайта оралды десек болады. Одан жоғары тұрған төрт шахматшының үшеуі – Қытай өкілдері. Атап айтқанда, Хоу Ифань, Чжу Цзиньэр және Цзюй Вэньцзюнь тізімді бастап тұр. Сондай-ақ ресейлік Александра Горячкина да осы тізімнің ішінде.
















