Биліктегі ауыс-түйіс

Биліктегі ауыс-түйіс

 

                  Мағзұм Мырзағалиев — Президенттің жаңа кеңесшісі

   Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды – Kyzylorda NewsБұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. «Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген өкім мәтінінде. Мағзум Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар экономисі» бойынша бітірді. Еңбек жолын  2000-2001 жылдары бастаған. Одан кейінгі жылдары әртүрлі лауазымда жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарған.  2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қаңтарына дейін энергетика министрлігін басқарды.

                Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болды

  

Марат Бекетаев стал советником премьер-министра: 14 января 2022, 11:52 -  новости на Tengrinews.kz

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалып, премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болды.  Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.

             Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болды

    Абзал Әбдікәрімов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалдыPrimeminister.kz сайты: «Үкімет қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды»,— деп хабарлайды. Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген. Ол — Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастап, бірқатар мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

 

                       Жаслан Мәдиев лауазымды қызметке тағайындалды

   Жаслан Мадиев освобожден от должности замглавы Агентства по реформам:  вчера, 14:03 - новости на Tengrinews.kzҮкіметтің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Мәдиев бұған дейін стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болған еді. Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.  Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Бірнеше жыл бойы жауапты мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен. 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

 

                              Александр Данилов БАҚ саласына келді

  Александр Данилов назначен вице-министром информации: вчера, 14:45 -  новости на Tengrinews.kzҮкіметтің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.  Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған. Сондай-ақ, жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобсының жетекшісі болды. .

 

 

 

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796