Бірі 90-дағы, бірі 107 жастағы қос тақуа ана

Бірі 90-дағы, бірі 107 жастағы  қос тақуа ана

Біздің бала кезімізде анамыз Әсел шілденің шіліңгір ыстығында ораза ұстағаны есімде. Аптап ыстық, күн ұзақ. Уақыт баяу өтуде. Ойын баласы болғандықтан ештеңенің байыбына бара бермейтін едік. Бірақ менде аяушылық сезімі оянып, анама қатты жаным ашитын. «Апам-ау, қиналдыңыз ғой, ауыз бекітпей-ақ қойсаңыз қайтеді» дейтінмін. «Балам-ау, Алла тағала күш-қуат береді» дейтін анашым жай ғана маңдайымнан сипап. Әулиеата өңіріне белгілі Ысқақ молданың қызы болғандықтан ба, асыл дініміздің шапағатымен, Алланың рақымымен ортамызда жүрегі нұрланып, жүзі жарқырап жүретін. Тоқсанға келгенше бес уақыт намазы мен отыз күн оразасын қаза қылмай өткеніне айырықша тәнтімін. Сол кездегі құдайсыздардың қысымына, күннің ұзақтығына, кәрілігіне қарамастан қысы-жазы оразасын үзбеген анам секілді ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды қариялардың иманы мен шыдамдылығы не деген мықты болған десеңізші! Шын мәнінде ақ періштеге айналған Алланың ең адал құлдары болып, жүрегімде асыл бейнелері мәңгілік сақталып қалды. Біздер енді ғана оразаның парқын түсініп, оның қасиетін сезініп, мұсылмандық парызға бет бұрып жатқан жайымыз бар. Көненің білгірлері мен емшілері дәрі ішкенше екі-үш күн ашыққанды жөн көргендерін енді біліп жатқандаймыз. Шын мәнінде анамыз науқастанып қалғанда  берген дәріден бас тартатын. Дәрігердің жәрдемін емес, Алланың жәрдемін қалайтын. Қасиетті Құранымыздың «Фатиха» сүресін қайта-қайта күбірлеп қайталып, өзіне өзі дем салатын. Содан сауығып кететін. Құранның оразаны парыз еткен аяты: «Ей,иман келтіргендер! Тақуалы болуларың үшін ораза парыз етілді» деп басталады. Тақуалық – жаманнан жирендіріп, көркем мінездерге бейімдейтін, жақсылыққа жетелейтін қасиетті күш. Пайғамбарымыздан / с.ғ.с./ «Тақуалық қайда?» деп сұрағанда, көкірегіне алақанын басқан екен. Сондағысы көкірегі ояу адамдарды тақуалы адамдар дегенді меңзегені ғой. Ораза тақуалыққа апаратын жолдардың ең негізгісі екендігі сөзсіз. Анамыздың туған әпкесі Гүлжамал апай да өте тақуалы адам болатын. Елі мен жерінің, барша ағайын-туыстың, өзінен тараған ұрпағының амандығын ойлап, бір Аллаға сыйынып, имандылықты ту етіп, тура жолдан айнымаған ай дидарлы ақ әжеміз жарық дүниенің жақсылығын жалау етіп, ешкімге бұйыра бермейтін алтын ғасырын өткізді. 107 жыл ғұмыр кешкен асыл әжеміз тұла бойына кір жуытпай, Алла сыйлаған асқақ ойымен, нұрлы жүрегімен жұртына жақты. Көп балалы ана ретінде алтыннан алқа тақты. Ең бастысы Алланың абыройына бөленді. Алла жолын таңдап, Алланың амалдарын жүрегінде жаттап өскен Гүлжамал әжеміз ғұмыр бойы бес уақыт намазын оқып, отыз күн оразасын ұстап өтті. Ауызынан Алласын тастаған емес, «бисмилләсіз» сөзін бастаған емес. Араб әріптерін, Құран сүрелерін мүдірмей жатқа айтатын. Ұлы жаратқан ием ол кісіні әуел бастан аса мейірімді етіп жаратқан секілді. «Осы өмірімде шыбынды да өлтірмедім» дейтіні сондықтан. Ұзақ жасаудың құпиясы осы мейірімділікке байланысты шығар деген ойға жүгінесің.

Мақұлбек МАЛДАРБЕКОВ, Қазақстанның Құрметті журналисі
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 98
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 132
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 133
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 98
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 242
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 458
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 420

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9119
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8516
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11744
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9512
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10725