Елімізде бірлік пен тұрақтылық, әділдік пен ынтымақ, сенім мен жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарымыз басты рөл атқарады. Мемлекетіміз стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін осындай құндылықтар өте маңызды. Бұлар елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына көп көмегін тигізбек.
Егеменді ел Қазақстанның дұрыс дамуы оның ішкі тұрақтылығы мен халық арасындағы бірлігіне тығыз байланысты болады. Көпэтносты мемлекетімізде көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың дамуына басты негіз болып табылады. Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет көпэтносты қоғамды біріктіретін саясатты қолдайды. Осы саясаттың аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық ұйымдар біраз жұмыстар атқаруда.
Бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға зор мүмкіндік береді. Қазақстан көпэтносты мемлекет болғандықтан, бірлік пен этносаралық қатынасты сақтау қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сессиясы мен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында көптеген тұжырымдар мен тапсырмалар берді. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында біраз жұмыстар атқарылуда. Бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға зор мүмкіндік береді. Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым. Ғасырдан- ғасырға мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты әрдайым биікке көтеріп отырған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» деген мақал да босқа деп айтылмаған. Негізі татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ешқандай шаруа жүрмейді. Ауызбірлігі жарасқан ел ешбір қиындыққа ұшырамайды. Барша халықтың тілегі де, арманы да іштегі бейбітшілігін сақтау, тату-тәтті өмір сүріп, соғыс, жанжал отын шығармай, тату-тәтті ынтымақ-бірлікте өмір сүру – қазіргі кезеңнің ең маңызды мәселесі.
Бірлік пен ынтымақ – қоғамның бірлігін сақтап, әртүрлі топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын құндылық. Қазақ халқы табиғатынан ауызбірлігі мықты, ынтымақшыл халық. Еліміздің көпэтносты және көпмәдениетті қоғамында ынтымақ пен өзара түсіністік ұлттар арасындағы татулық пен тұрақтылықты арттырады. Ынтымақ-бірлік болмаған қоғамда алауыздық пен келіспеушіліктер пайда болмақ. Осыған сәйкес мемлекет әрқашанда бірлік пен келісімді сақтауды көздейді.
Ал тұрақтылық дегеніміз елдің саяси- экономикалық жүйесінің тұрақтылығы. Қоғамдық тәртіптің сақталып, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы сияқты мағынаны білдіреді. Қазақстандағы тұрақтылық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды. Елімізде тұрып жатқан барлық жан елдің тұрақтылығын сақтауға міндетті.
Шаргүл Қасымханқызы