Біз жеңілген жоқпыз, әлі де күресеміз! – дейді Сандықтау сотының шешіміне риза болмаған желтоқсандықтар

Біз  жеңілген жоқпыз, әлі де күресеміз! – дейді Сандықтау сотының шешіміне риза болмаған желтоқсандықтар

   Өткен нөмірімізде (19 қаңтар 2023 ж.) желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген Л. Ловягинаның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы «Басынбасын басқалар қайсар мінез қазақты!» атты мақала жариялаған болатынбыз. Осы іске орай Сандықтаудағы сот процесі жағдайының қалай өтіп жатқандығы  туралы газеттің әр санында көпшілікке хабардар етіп отыратынымызды жазғанбыз. Осыған байланысты желтоқсандықтардың өтініші бойынша төмендегі жазбаларды қаз-қалпында беріп отырмыз.  https://qazdauiri.kz/news/basynbasyn-basqalar-qaisar-minez-qazaqty 

 

Қадірлі тағдырластар!

Ловягинаның құйтырқы қылығына төтеп беру мақсатында атқа қонған азаматтардың атынан сіздерге Сандықтау аудандық сотында болып жатқан оқиғалардан мағлұмат берейін. 20 ақпан сағат 11.00 сот мәжілісі басталды. Түске дейін сот өзі тағайындаған сараптаманың қорытындысымен және мен біз жасатқан сот сараптамасының қорытындысын жарияладық. Бұл жерде назар аударатын басты мәселе, сотта талқыланған екі сараптаманың қорытындысы да, мазмұны да және талдау-жинақтау бөлімдері де екі түрлі. Сот тағайындаған сараптама жалаң, біржақты және талдау бөлімі тек әдістемеде көрсетілген теориялық түсініктерді берумен шектеліп, тек 5 жолдан тұратын тұжырым жасалып, Ловягинаның бізді «террористер» деген сөзінде қорлаудың құрамы жоқ деген қорытындыға келген.

   Ал біздің сот сараптамасында керісінше талдау өте кең әрі терең зерттеліп, ғылыми-теориялық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, негізді тұжырым жасаған. Сонысымен бұл еңбек өте мазмұнды, негізді әрі сапалы болып бағалануда. Бұған қоса екі сарапшы да сот мәжілісінде онлайн режимде сот пен тараптардың сұрақтарына жауап берді. Астана қаласының сарапшысы Ажибаева Ш.С. қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Ал керісінше біздің сарапшы Асанова А.М. қойылған сұрақтарға толық, кешенді әрі мазмұнды жауап берді. Осыдан кейін түстен соң тараптар жарыссөзге шықтық. Жарыссөзде барлық сот мәжілістерінде анықталған дәйектемелер мен уәждерді, айғақтарды басшылыққа алып, қылмыстық құқық нормаларына негіздеп, Ловягинаның әрекетінде қылмыстың құрамының барлығын, яғни оның бізді «террористер» деп атап заңға қайшы әрекетті болдырып, қылмыс жасағанын толық деңгейде дәлелдеп бердік. Сонымен қатар, сот мәжілісінде жалған жауап беріп, өзгенің қылмыстық әрекетін әшкерелеуге кедергі жасаған, сонысымен Қылмыстық кодекстің 420-бабындағы қылмысты болдырған, Сандықтау аудандық әкім аппаратының төрт қызметкеріне қатысты жеке қаулы шығаруды және аудан әкімшілігінде ұлттық патриоттық тәрбиенің жоқтығына, ұлттық-мемлекеттік символдарды құрметтеуге қатысты тәрбие жұмысының жоқтығына байланысты да жеке қаулы шығаруды сұрадық.

   Екінші тараптың адвокаты жалаң түрде тек Ловягинаның іс-әрекетінде қылмыстың құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрағаннан басқа айтар ештеңесі болмады. Сонымен сот мәжілісі аяқталып, сот кеңесу бөлмесіне оқшауланды. Біз күте-күте шыдамымыз таусылып, 21.02.2023 ж. сағат 14.30 қайтадан сот залына келіп, тым болмаса қысқаша сот үкімін жариялауды талап етіп отырып алдық. Сол отырғаннан сағат кешкі 19.27 дейін отырдық. Бізге тек сағат 19.27 хатшы шығып, сот үкімін жариялау 22.02.2023 ж. сағат 17.00 болатынын хабарлады. Әрине, біз бұған наразылық білдіргенімізбен, олар процесуалдық нормаларға сүйеніп, солай шешім қабылдады. Яғни біздің күтуден басқа лажымыз қалмады.

Алайда біз баратын жеріміздің жоқтығын, қалтамызда халық жинап берген қаражаттың толық таусылғанын айтып, сот залынан ешқайда шығып кетпейтінімізді айтып, «егер болмаса бізді мәжбүрлеп далаға шығарып тастаңдар, егер Сіздерге керегі сол болса, қақаған қыста далада үсіп өлейік» деп отырып алдық. Осыдан кейін сағат 20.30 аудандық полиция бөлімінің бастығы өзі телефон шалып, бізге сол біз тоқтаған «Қанағат» қонақүйінен орын алып қойғанын, бізді сол жерде тегін жатқызып, кешкі, таңғы және түскі аспен тегін тамақтандыратынын айтты. Осының өзінде біздің басым көпшілігіміз ешқайда бармаймыз, осында отырамыз деген шешімдерінен қайтпады. Алайда арамыздағы үлкендеріміз өз ақылын айтып, бір тоқтамға келіп, кеше түнгі сағат 21-ден кеткенде қонақүйге келдік. «Аққа құдай жақ» демекші, соттан әділ шешім күтіп отырмыз. 

Әлібек Алмабаев, заңгер
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 35
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607