Біз жетім ұлтпыз, қазақтар!

Біз жетім ұлтпыз, қазақтар!

Империалдық, колонизатор Ресей соңғы рет Алашордалықтарды түп-тұқиянымен жер бетінен жойғаннан кейін біз жетім қалдық. 

Бізде енді интеллегенция жоқ. 

Біздің ұлтта енді бас жоқ. Дене ғана бар. 

Дене тек ішіп-жеумен айналысады. 

Қазір Қазақстанда Ресей мясорубкасынан туралып, қидаланып шыққан мутация ұлт тұрады. 

Түрлеріне қарасаң қазақ. Ішіне үңілсең өзінің  ана тіліне өлердей қас, қазақ екеніне қорланып қарайтын мәңгүрттер массасын көресің. 

Олар көп. Көптігімен қорқытады. Олардың қолында ақша мен билік бар. 

Және тұтас мемлекет алып жағымпаздар ордасына айналған. 

Билік басындағы аз ғана шоғыр сатуға болмайтын ең аяулы құндылықтардың бәрін сатып жіберген. 

Мәңгүрттер массасы енді менің үйіме дейін кіріп алғанына куә болып жатырмын.

 Мен өз ұрпағыммен бұл үйде орысша сөйлеуге болмайды. Менімен менің балаларым тек қазақ тілінде сөйлесуі керек деп алысып, арпалысатын күнге жеттік. Ал олар қазақ балабақшасы мен қазақ мектебіне баратын ұландар ғой. 

Менің ана тілімді олар Отанымда отырып-ақ, үйімнен, қара шаңырағымнан, жүрегімнен суырып алып бара жатқанын сезінемін. 

Мен басымнан бақайшығыма дейін, сүйегімнің әр тінімен жазылмайтын алашордалық екенімді білемін. 

Мен 5 тілде сөйлеймін. Бірақ соның бір де біреуі менің жүрегімнен қазақ тілін ығыстырып  шығарып тастай алмады. 

Мен қазақша ойлаймын, қазақша сөйлеймін,  қазақ болып өмір сүремін, қазақ болып өлемін. 

Бірақ менің алып отанымда осы қасиеттерден тек қазақы азиялық беті ғана қалған мутанттарды көремін. 

Жаным ауырады... 

Еу, жаным ауырады!.. 

Бұл ауырған жанды қай жаққа апарып көмеміз? 

Қазақстанда қазақ болып кең тыныстап, кеудесін керіп өмір сүре алмаған қайран жетім қазағым! 

Талай жетімді көргенмін! 

Бірақ сен сияқты тұл жетімді, қадірсіз жетімді, иттен де, құстан да көңілі қалып  жасыған, қорланған, тапталған, тып-типылы қалмай тоналған жетімді бұрын-соңды көрмеппін...

Танакөз Толқынқызы ФБ парақшасынан
30.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11701
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9464
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10681