Бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке

Бос жұмыс   орындарына   арналған жәрмеңке

Қазіргі таңда «екі қолға бір жұмыс» емес, екі қолға бірнеше жұмыс істеуге де мүмкіндік туған заман. Тек қана берік сенім, жұмысқа деген ынта-жігер болса жетіп жатыр.

Астана қаласында 11 мамыр күні бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтті. Шараны ұйымдастырушы орын – Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұл жәрмеңкенің бір ерекшелігі жәрмеңкеге қатысушылардың арасында әдеттегідей түрлі мамандық иелерінен бөлек түрмеден жазасын өтеп шыққан азаматтар мен пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрғандар, бұдан бөлек алимент үшін берешегі бар азаматтарға да жұмыс істеу орайын бергендігі болды.

Мұндай жәрмеңкелер бас қалада дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Күн сайын іргесі кеңейіп, жұмыс орындары көптеп ашылып, қарқынды дамып келе жатқан қалада түрлі мамандық иелеріне сұраныс көп. Бұл бір жағынан еңбек нарығының жақсаруына ықпал етсе, екіншіден, қоғамның орнықтылығы үшін де ықпалы бар екені белгілі. Елімізде қоғамдағы түрлі санаттағы адамдарды жұмыспен қамту тетіктері ең алдымен заңмен реттелгендігін айта кеткен жөн. Бұл жөнінде ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің «Бас бостандығынан шектеу түрде жазасына сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi» 174-бабының 3-тармағында көрсетілген. Бұдан бөлек ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 қаулысымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын іске асыру жөніндегі қаулысында да пробациялық есепте тұрған азаматтарды жұмысқа бейімдеу туралы нұсқаулар бар. Ал Астана қаласы әкімдігі осыдан бірер жыл бұрын еліміздің Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарындағы белгілемелерге сүйене отырып,жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы қаулы қабылдаған еді. Аталған қаулыда жұмыскерлердің санының белгілі пайызын мүгедек азаматтарға, пробациялық тіркеуде тұрған азаматтарға бөлу туралы анық көрсетілген болатын. Әрі бұл жұмыстың қала әкімдігінің тікелей бақылауында болатындығы айтылған еді. Міне, осындай талаптар мен мемлекеттік ынталандыру нәтижесінде, кәсіпкерлер мен түрлі жұмыс орындарының басшылары аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуды қолға алып жатыр. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматына деген мемлекеттің жауапкершілігі мен қамқорлығы дер едік.

Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 61
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 26
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 58
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 61
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 262
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 258
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 880

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8954
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8350
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11575
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9332
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10560