БҚО-да жаңадан сайланған әкім ауылға ұялы байланыс орнатты

БҚО-да жаңадан сайланған әкім ауылға ұялы байланыс орнатты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округіне «Beeline» байланыс жүйесінің қондырғысы орнатылды. Ақсуат ауылы облыс орталығы – Орал қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.

Бұл туралы «Nur Otan партиясы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш ауылда 628 орындық екі мектеп және жүзге жуық бала оқитын екі бастауыш мектеп бар. Халқы 3000-ға жуық елді мекен бірнеше жыл бойы Beeline мобильді желісіне қол жеткізе алмай келген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны ауыл халқы асыға күткен болатын. Биыл сайланған округ әкімі Жаннұр Ахметов өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде жинаған барлық аманаттарын қамтыды. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары мобильді желіні іске қосуды бес жылдан астам уақыт күткен. Биылғы жылы бұл мәселе бизнес өкілдерінің қаражатын тарту арқылы шешілді.

– Өздеріңіз білетіндей, биыл елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Шілде айында сайлау нәтижесі бойынша Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайландым. Халықпен кездесу барысында адамдар бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Осы жылдың жазында мұнараны орнату бойынша жұмыс және оған байланысты қажетті құжаттаманы ресімдеу бойынша мәселелер басталды. Әрине, бұл жұмыс халықтың тікелей қолдауымен және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда Ақсуат ауылдық округінде ауыз су тарту, ауасыз электрмен жабдықтау, газдандыру және жол құрылысы мәселелері шешілді. Мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі күнге дейін ұялы байланыстың болмауы негізгі проблемалардың бірі болды. Міне, бүгін біз нәтижені көріп отырмыз. Айта кету керек, сайлауалды бағдарлама тікелей халықтың нақты сұраныстарынан тұрады және біз бүгін өз еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұл мәселенің шешімін тапқандығы қуантады, – деді ауыл әкімі Жаннұр Ахметов.

Жергілікті әкімдіктің жанында 24 метрлік мұнара орнатылып, сигналды күшейту жұмыстары жүргізілді. Бұл ауыл тұрғындарына жақсы қамту аймағы мен жылдамдығы бар Beeline желісінің сапалы мобильді интернетін пайдалануға мүмкіндік береді. Жерлестерімен бірге қуанған ауыл тұрғыны Гүлмира Бақбасова: – Осы ұялы байланыстың жоқтығы мектеп мұғалімдеріне қиындық туғызған еді. Өйткені бәрі желіге, бәрі интернетке байланысты. Жалпы бұл ауылдағы студенттер үшін де, тұрғындарға да қажет нәрсе ғой. Осы жанайқайымыз шешімін тауып, бәріміз қуанып жатырмыз. Ақсуат ауылының халқын толғандырған  мәселелер рет-ретімен шешімін табуда, – деді. 

Ауылға байланыс жүйесі тартыла бастағаннан бері ауыл азаматтары да ауызбіршілік танытты. Солардың бірі Әлібек Айтқалиев: – Дамыған заманда байланыссыз отыру деген өте қиын. Карантиндік шектеулерге байланысты барлығы онлайн режимге ауысты. Сабақ, жұмыс секілді дүниелер ұялы телефонға байлады. Сол кезеңдерде қиындық туындады. Сапалы байланыс жүйесін қосу керек деп ауыл тұрғындарынан қол жинадым. Төрт жүзден астам адаммен кездесіп, қолдау таптым. Енді ауылға жаңа леп, жаңа жүйе келді. Қуаныштымын, – дейді.

Осы қуанышқа орай ауыл тұрғындары жиналған салтанатты жиында ауыл әкімі Жаннұр Бекбауұлы белсенділік танытқан бірқатар ауыл азаматтарын марапаттады. Олардың қатарында «Кәрім» дүкенінің иесі Р.Әлібекұлы, ауыл азаматтары Р.Ақмырзаев пен Ә. Айтқалиевтер бар.

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
20.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803