БҰРЫН АЖЫРАСУ БОЛМАҒАН ЕЛ ЕДІК, БҮГІН ӘЛЕМДЕ 2-ОРЫНДАМЫЗ! НЕ ӨЗГЕРДІ?

БҰРЫН АЖЫРАСУ БОЛМАҒАН ЕЛ ЕДІК, БҮГІН ӘЛЕМДЕ 2-ОРЫНДАМЫЗ! НЕ ӨЗГЕРДІ?

Бұл жай сандар емес. Бұл – ұлттық трагедия.

 

1. Бұрын ажырасу неге аз болды?

– Үйлену – тек екі жастың ғана емес, екі әулеттің бірлігі еді. Екі әулет жастарға жеңіл шешім шығартқызбайтын!

– Ер мен әйелдің ортасына үлкендер төрелік айтатын еді.

Үлкендер айтқанда жастар қанша қиын болса да, тыңдайтын, қабылдайтын.

– «Ұят болады» деген сөз – рухани тежеу болды. «Қарағым, мен ел-жұртқа қалай қараймын? Қара бет боламын ғой» деп отбасының ұят бірінші орында еді!

– Әр үйде төзім, сабыр, құрмет бар еді. Ерлер де, әйелдер де өте төзімді еді! Тұрмыстың барлық қиындығын екеуі де қайыспай көтеретін!

Жұбайлар кіммен жұп болса да, қосылғаннан кейін үйреніп өмір сүріп кететін! Пешенеме жазылғаны осы деп қарайтын!

 

 2. Қазір не өзгерді?

– Үлкендердің сөзі өтпейді.

– Әлеуметтік желі отбасының «ақылшысы» болып алды.

– Ашық ойнастық, порнография, эмоционалды опасыздық қалыпты құбылысқа айналды.

– Еркек пен әйелдің рөлі шатасты.

– Әркім құқығын жақсы біледі, бірақ міндетін ұмытып кетті.

– «Махаббат жоқ» деген сылтаумен, ақыл, жауапкершілік, сабыр да  жоғалды…

 

3. Жыл сайын:

Әрбір 3-неке ажырасады, одан көп болуы да мүмкін.

Бұл – әрбір үшінші баланың толық емес отбасында өсіп келе жатқаны.

Статистика – бұл жай сандар емес. Бұл – әкесіз қалған балалар, жалғызбасты аналар, күйзелістегі еркектердің тағдыры!

 

4. Шешім бар ма?

Мәселе махаббатта емес – тәрбие мен санада.

Шешім ажырасып кетуде емес – өзара түсінісуде.

Бақыт – идеалды жұбайда емес, иманды, сабырлы ниетте.

Ұлтты құтқару отбасынан басталады.

 

Қорытынды:

Бұрын отбасын сақтау намыс еді.

Бүгін нәпсіге жеңілген сезім ғана қалды.

 

Қазақ қоғамы қайта оянып,

отбасын кие, қасиет деп танымаса –

болашақ ұрпаққа тұтас трагедия қалдыратын сияқтымыз.

 

Сұрақ:

Сіздің ойыңызша, не себепті қазір отбасылар осынша жиі ажырасады?

Пікір білдіріңіз, сіздің құнды бір ауыз сөзіңіз бір отбасыны оятуы мүмкін!

Асылбек  Әуезханұлы

04.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27369
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26878
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44208
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39962
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44549