«Даланың дархан көңіл ақыны – жамбыл» Ж.Жабаевтың туғанына – 175 жыл

 «Даланың дархан көңіл ақыны – жамбыл»  Ж.Жабаевтың туғанына – 175 жыл

ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылымыздың 175 жылдығына арналған театрландырылған әдеби кеші осылай аталды. Аталған әдеби сазды, театрландырылған іс-шара Жамбыл ауылдық округінің ұйымдастыруымен №18 А.Қосанов атындағы ЖОББ тірек мектебінің акт залында өтті.

Фан-фар беріліп, ортаға шыққан қос жүргізуші сөз алып, ақындықтың алдаспаны, өлең сөздің шамшырағы, қазақ жырының жанартауы, ұлы даланың ұлы жырауы Жамбыл Жабаев атамызға сөз арнап, алғысөзді №18 А.Қосанов атындағы ЖОББ тірек мектебінің директоры Бауыржан Бектұрғановқа ұсынды. Одан соң осы мектептің 10-сынып оқушысы Нұргелді Мырзабай Жамбыл атамыздың «Менің өмірім» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Бейнеролик сөйлейді: Қарақияның басы Қаракәстек өзенінің тұйығымен құшақтасып, Құлансаз, сол Құлансаздың батысында Майтөбемен құшақтасып, одан әрі Суықтөбемен жағаласып, Суықтөбе Алатаудың сілемімен Қордай жотасымен жалғасып барып, аяқтасады. Жаз Құлансаз, Суықтөбе жайлауларын самалдап, жайлайды да, қыста Байғара, Хан, Жамбыл тауларының қойнауын паналайды...

Сахналық көрініс. Жамбыл тауының бөктерін қоныстанып жатқан ауыл... Енді бір сәт сүйіншілеткен дауыс естілді: Сүйінші, Сүйінші! Дүниеге ұл келді... Ағайын-туыс, көрші-қолаң қуануда. Кішкентай нәрестесін емірене қолына алған атасы:

– Уа, жұртым, Жамбыл тауы – елге пана, қасиетті тау. Дәл осы Жамбыл тауындай биік, әрі еліне тірек болсын деп немеремнің атын Жамбыл қойдым, – дейді.

Нәрестеге Жамбыл деп ат қойылды. Әсем ән мен тәтті күй және би... Сахнада №18 орта мектебінің «Гүлдер-ай» бишілер тобы «Шашу» биін орындады. Одан соң жас ақын Мұқағали Балтабай өзінің «Арнау» атты әнін көпшілікке ұсынды. №18 А.Қосанов атындағы ЖОББ тірек мектебінің мұғалімдері Лаура Далдаева «Балаларыма» әнін, Аңсаған Атымтаева «Угай, угай, әй угай» әнін тамаша орындап, көрерменге қол соқтырды. Ал «Айым» бөбекжай бақшасының музыка пәнінен ұстазы Мәдина Оспаналиева Ш.Омаралиевтің «Жамбыл атам – жалғыз бабам» әнін тамаша орындап шықты.

Енді бір сәт сахна төріне, үстіне кестелі қазақы шапанын киіп, қолына домбырасын нық ұстаған жігіт – Сырым Ақылбаев шығып, Жамбыл атамыздың атақты «Ленинградтық өренім» атты шығармасын жатқа айтты:

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағындай көремін.

Жолды кернеп қол кетті,

Сендерге дем бергелі.

Нева алыбын қорыңдар –

Ленинградтың ерлері...

Осынау жыр жолдарынан соң, ортаға «Сыпатай сазы» оркестрі шығып, «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындады. Одан соң осы аумақтағы «Ертөстік» балабақшасының бишілер тобы «Гәкку» әуенімен тамаша би үлгісін ұсынды.

Келесі кезекте, сахнаға бүкіл кеште өнер көрсеткен өнерпаздар шығып, соңында «Менің Қазақстаным» әнін бірге шырқады.

Іс-шара соңында, Жамбыл ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Медербек Өзбеков, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ербол Байболсынов, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Бауыржан Бекжанов, «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Әтіркүл Исаевалар өздерінің ыстық ықыластары мен бүгінгі іс-шараға деген ізгі ниеттерін білдірді.

Кеш қызықты, әрі мазмұнды өтті. Тақырып толығымен игеріліп, жан-жақты ашылды. Жамбыл ауылдық округі өздерінің аттарына, яғни Жамбыл Жабаев атамыздың атына лайықты іс-шарасын өткізіп, мәреге жетті. Бұл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру ісіне де қосылған мәдени іс-шара ретінде бағаланды.

Сонымен қатар жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған осындай іс-шаралар, тура осы күні, Жамбыл ауылдық округінің 4 ауылында да аталып өтілгенін және олардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта кеткеніміз жөн.

Әлихан НҰРАЛИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817