Түркістан облыстық №1 перинаталды орталығында 2024 жылдың 30 тамызында 26 апталық кезеңде нәресте дүниеге келді. Салмағы – 785 грамм, бойы 32 сантиметр болып туылған сәбидін жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте жансақтау бөлімінде толық емін алып шықты.
«Туылғаннан кейін нәресте СРАР аппаратында тұрақтандырылды. 2 сағаттан кейін нәрестелердің қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылды. Сәби ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес ем қабылдап, бір айдан кейін салмағы 1100 граммға толып, нәрестелердің жоғары тәуелді бөліміне ауыстырылды. Екі айдан кейін өздігінен тыныс алды. Ары қарай нәрестеге толық күтім жасалып, 4 ай 23 тәулігінде 4500 грамм салмақпен перзентханадан шығарылды», – дейді №1 облыстық перинаталды орталығының дәрігері Анель Тасполатқызы.
Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Бала өздігінен дем алуда.