Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрдің

бірінші орынбасары

Р.В. Склярға 

 

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында халықпен кездесулер өткізгенде жолдарды жөндеу мәселесі жиі көтерілді.

Мысалы, «Қалбатау – Майқапшағай» және «Қалбатау – Аягөз - Үшарал» республикалық маңызы бар жолдар учаскелерін жөндеу осы күнге дейін толық аяқталмаған. Бұл жолдар халыққа қиындықтар тудыруда. Әсіресе, Үшбиік – Аягөз 92 шақырым аралығындағы жол учаскелерінде жүру қиынға соғуда.

Сонымен қатар, «Семей-Қайнар» және «Қарағанды-Аягөз-Боғас»  республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары тоқтап қалған.

Сондай –ақ, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолдың жағдайы өте нашар, тозған.

Осыған байланысты, Сізден

«Қалбатау – Майқапшағай» және «Қалбатау – Аягөз - Үшарал» республикалық маңызы бар жолдар учаскелерін жөндеу жұмыстарын аяқтауды; 

- «Семей – Қайнар» және «Қарағанды-Аягөз-Боғас» республикалық маңызы бар жолдарды толық жөндеуді;

- Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.

Сонымен қатар, осы жолдарды жөндеуге бөлінетін қаражаттың тиімді пайдалануын қамтамасыз етуді сұраймыз.

Жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде беруді сұраймыз. 

Құрметпен, 

Депутаттар,

«AMANAT» партиясы

Фракциясының мүшелері                                              Н. Сабильянов

                                                                                             Е. Саиров

                                                                                             Ұ. Тұмашинов

                                                                                             М. Толықбаев

                                                                                             С. Нұртаза

05.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 74
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 596
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 712
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 625
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 635

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380