ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Әлихан Смайыловқа

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Берік Асыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті, Әлихан Асханұлы және Берік Ноғайұлы!

 

       Еліміздің байлығын игеру ісінде биліктің ескі жүйесі мен ұлттық табысты қайта бөлудің бұрынғы тәжірибесін тоқтататын кез келді деп, бастама көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы арасында қарама-қайшылық болып тұр.

       Олигархиялық кланды биліктен түпкілікті кетіруді, ұрланған байлықты қайтаруды және экономиканы ел мен халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне қызмет етуге жұмылдыруды талап еткен Қаңтар оқиғасы ескі биліктің зардабынан пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам мен билік арасында жаңа қарым-қатынас орнату әрекеті олардың мүдделеріне сай келмеді.

       Міне, сондықтан да активтерді қайтару және оны халыққа табыстау – күн тәртібінде тұрған аса маңызды мәселе. Ел-жұрт активтерді қайтару процессінде биліктен жылдам, әрі батыл қадамдар күтуде.

Осы орайда президенттің пәрменімен арнайы комиссияның құрылуы және активтерді қайтару туралы арнайы заң шығатынын айтқан Тоқаев мырзаның уәдесі ел азаматтарына біраз сенім ұялатты.

       Алайда, сол комиссияның тарапынан ешбір нақты әрекет көрінбейді. Егер бірен-сараң бірдеңе істеліп жатса, бұл бізден, қоғамдағы азаматтардан құпия түрде өтуде.

       Халық атынан тікелей сайланған депутат ретінде, ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ескерту жасағым келеді: сіздер «ескі Қазақстанды» билеген әулет пен оның жақындары бақылаған кеден бекеттерінде арнайы астыртын салық режимін қамтамасыз еттіңіздер! Енді бұлай болмайды. Біз халықтың көмегімен сіздерді жіті бақылайтын боламыз!

       Бұл мәселеде біз – президенттің бастамасымен одақтаспыз! Немесе, бұл істе президент бізге – депутаттарға толықтай арқа сүйей алады!

      Дегенмен, ескі кадрлардың саботажы ма, жоқ әлде ұлттық-экономикалық мүддеге қарсы жасалып отырған қастандық па – капиталды қайтару ісінде түсініксіз кібіртік көп.

              Мәселен, Латвия құқыққорғау органдары Қазақстанның жекелеген азаматтары салықтан жалтарды және Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер есебінен Прибалтика аумағында мүлік сатып алуда деген күдік келтіруде.

       Бұл арадағы сөз Қайрат Боранбаев тұрғысында болып отыр. Дей тұрғанмен, Боранбаев мырза жуықта жеңіл-желпі баптармен сотталды, бірақ оған қатысты өте ірі істер қалтарыс қалды. Тиісті органдар Боранбаевтың Латвия мен Еуропа елдеріндегі қызметін, оның отбасы мен компанияларына жазылған активтерді неге тексермеді?

       Боранбаевтың келіншегі өз атына жазылған бизнес-ұшақты сатып жібергені сіздерге белгілі ме? Маман-эксперттердің айтуына қарағанда, бұл ұшақтың нарықтағы құны 30 миллион долларға дейін бағаланады. Ол әйел мұндай сомадағы ақшаға қалай ие болуы мүмкін?

Біздің елдің тиісті органдары осы сауда-саттықты біле тұра, ұшақтың қандай қаржыға сатып алынғанын анықтағанға дейін, бұл активті «мұздатып» қоюға неге әрекет жасамады?

       Мен бұл арада бір Боранбаевты мысалға алып, активтерді қайтару мәселесіндегі түсініксіз жағдаяттарды жалпы айтып отырмын.

       Сол сияқты «Jusan bank»-тың иелері Қазақстаннан шығарған ірі көлемдегі қаражат Батыс елдерінің бірінде «мұздатылғаны» бізге тағы да белгілі болды.

Осыған байланысты Үкімет не істемек, тиісті тергеу органдарын жұмылдырып, «Jusan bank» олжалаған ақшаның ізіне түсе ме, жоқ әлде тағы да көзжұмбайлыққа салына ма? Бас прокуратура мен, атап айтқанда,  комиссия төрағасының орынбасары Ұлан Байжанов мырза бұл процессті бақылауға ала ма?

      Бұл сұрақтарды нақтылап отырған себебім – ұрылар жымқырған қаржысын басқа жаққа тығып үлгерсін деп, бүгінгі билікте оларға мұрша беріп отырған біреулер бар сияқты көрінеді.  

       Біз, ұрланған активтерді қайтару туралы заңды бірінші кезекте қабылдауды басты мақсат етіп отырмыз. Осы заңның арқасында біз капиталды қайтаруды неғұрлым тиімдірек бақылауға ала аламыз.

Әлихан Асханұлы!

       Сіз үкімет басына жаңадан келген басшы емессіз, бұған дейінгі Министрлер Кабинетін басқардыңыз. Ендеше, президент Тоқаев наурыздың 31-іне дейін дайын болсын деп, Үкіметке тапсырған заң жобасын дайындау ісі созылып кеткенін Сіз қалай түсіндіресіз?

Елден ұрланған миллиардтар туралы сөз болғанда, тағы мынадай сұрақтар туады:

 «Қазақмыс» компаниясы қазақ халқына тиесілі қазба байлықтың 30 пайызына қалай ие болды?

        Сол сияқты, құрамында назарбаевтық кланның үлесі бар «Еуразиялық топ» халықтық байлықтың 40 пайызын қалай иемденіп кетті? Аталған осы екі компания соңғы он жыл көлемінде қазынаға қанша салық төледі?

        Осы кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметін қадағалауы тиіс «Самұрық-Қазына» Ұлттық қоры капиталды қайтару тақырыбында қандай әрекеттер жасап жатыр?

Осы сұрақтарға байланысты үкіметтік түсініктеме жауапты жазбаша түрде қайыруыңызды сұраймын.

 

 

         Депутат  

Ермұрат БАПИ

·              Бұл депутаттық сауалды депутаттар – Қазыбек Иса, Абзал Құспан, Ринат Зайытов, Жанарбек Әшімжан қолдайды.

 

26.04.2023ж

26.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380