«ДОС ЕМЕСПІЗ» ПУТИН ОРБАНДЫ САТТЫ…

«ДОС ЕМЕСПІЗ» ПУТИН ОРБАНДЫ САТТЫ…

Кеше ғана биліктен айырылған Мажарстанның экс-премьері Орбан бармағын тістеп отырса керек-ті…

Виктор Орбан екі кезек премьер-министр болған. Жиыны жиырма жылға жуық ел басқарды. Екінші жолы үздіксіз 16 жыл билікті ұстады.

Ресей Украинаға толық күшпен соғыс ашқан 2022 жылдан бастап әлем Кремльден іргесін алыстатып, Путин мен оның тілармандарына, тұтас Ресейге қап-қап, мая-мая, дөге-дөге санкцияларды үйіп-төгіп жатқанда, Халықаралық соттың (Гаага) өзі Путинді «қылмыскер» атап, тұтқындауға үкім шығарып жатқанда, бүкіл Еуропа болып Путинге есіктерін жауып жатқанда Ресеймен алыс-беріс, барыс-келісті бір сәтке де үзбеген, керісінше Путинге жиі барғыштап, соғысын, агрессиясын ашық қолдаған, Еуропаның Украинаға әскери, қаржылай және басқа көмектерін бұғаттап, бергізбей келген екі адам болса, соның бірі және біріншісі осы Виктор Орбан еді.

2014 жылдан бастап Орбан Украинаны қатал айыптап келеді. 2023 жылы Еуропаның 50 млрд еуро көмегін де табандап қарсы болып, бергізбей қойған да, 2025-2026 жылдары 90 млрд еуро көмекті бергізбей келген де осы Орбан еді.

Орбан жалпы бұл соғыста Путинге барынша болысты. ЕО-ның кезең-кезеңдік шектеуін пысқырмай, Ресейдің энергетикалық ресурстарын тоқтаусыз сатып алды. Украинаға көп мүмкіндік беретін әскери-қаржылай көмектерді бұғаттап, тұсады. Путинді халықаралық изоляциядан құтқарды. Кремль қожайынын Еуропада легитимизациялады.

Сөйткен Орбанның биліктен құлағаны кеше, Мәскеу бүгін бірден сырт айналды. «Орбан біздің досымыз болған жоқ» деді Кремль. Тура солай деді. Алып-қоспасыз…

Песков: «Орбанмен дос болмадық. Бар болғаны дипломатиялық диалог жүргізіп тұрдық», – деді беті бүлк етпей.

Онан соң: «Біз өзімізге дос емес елдерге құттықтау жолдамаймыз. Ал Венгрия – бізге дос ел емес. Ол бізге қарсы санкцияларды қолдап отыр», – дейді Песков.

Бұл – Кремль сатқындығының тағы бір дәлелі. Олар сені «қорғауға» уәде беріп алып, артынан саған қарсы соғыс аша салады. Олар сені «танып тұрып», бір сәтте танымай қалады. Олар саған берген сөзінен оп-оңай секіріп кетеді. Бұған соңғы жылдары көптің көзі жетті.

Тура солай болмаса, кәні?! Мұны Асад та, кіші Хаменей де, Мадуро да, енді Орбан да растап береді…

Нұргелді ӘБДІҒАНИ

15.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24430
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24092
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41539
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37447
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41803