Достықты жалғаған аллея

Достықты жалғаған аллея

Батысқазақстандық университет пен ресейлік жоғары оқу орны бірлесе «Достық-Дуҫлыҡ» аллеясын салтанатты түрде ашты. Іс-шара ZOOM платформасында онлайн ұйымдастырылды. 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті арасындағы достықты бекіткен аллеяның ашылу салтанатында сөз алған батысқазақстандық білім ордасының басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов Ресей университетінің өкілдеріне Қазақстаннан сәлем жолдады.  

 Әр қоғамда қалыптасқан мынадай үрдіс бар: әрбір адам үй тұрғызып, бала тәрбиелеп, ағаш отырғызуы керек. Ал осы қағиданы біздің ара-қатынасымызға үйлестірер болсақ, үй – бұл біздің оқу орындарымыз, балалар – біздің студенттеріміз, тал отырғызу – біздің достығымыздың белгісі. Екі елде орналасқан университеттерге арадағы жол алшақтығы да кедергі келтіре алмайды, – деген Асқар Мырзахметұлы қос оқу орнының да гүлдене беруіне тілектестігін білдірді. 

Өз кезегінде Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің ректоры Олег Баулин қазақстандық және ресейлік оқу орындары арасындағы әріптестік байланыс бірнеше жылдар бұрын басталғанын атап өтті.

– Тың форматтағы әрбір іс-шара, жаңа бастамалар мен ортақ мүдделеріміз бізді біріктіре түседі. Сонымен қатар бұл жұмыстар студенттеріміздің білімі мен сапа көрсеткішін арттыруға бағытталып отырғаны сөзсіз. Біздің бас ғимаратымызға барар бағытта ашылған аллеяның жанымен күнделікті өтетін мыңдаған білім алушы «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті аллеясы» деген жазуды оқып, сіздердің оқу орындарыңыз жайлы біліп жүретін болады, – деді ресейлік университет ректоры. 

Аллеяның ашылу салтанатында Жәңгір хан университетінен институт директоры, профессор Сәрсенбек Монтаев пен Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Темірлан Тәжен, Уфа университетінен ардагерлер кеңесінің төрағасы Марсель Исламов пен қазақ диаспорасының төрағасы Алмат Жүсіпбеков сөз сөйлепізгі тілектерін арнады.

Салтанатты шарадан соң қос университеттің ұжымы мен білім алушылары «Достық-Дуҫлыҡ»аллеясына алғашқы тал-теректерді отырғызды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
30.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 350
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6455
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8164
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6535
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6671