Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада өтетін дүбірлі додадының басталуына 30 күн қалды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада өтетін дүбірлі додадының басталуына 30 күн қалды

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.

Тікелей Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.

Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Ұлы Дала дүбірі» ұранымен өтеді.

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде «Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция «Тарих және мәдениет», «Спорт ғылымы» және «Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы» секцияларынан тұрады.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/kz.

09.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 517
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 624
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 629
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 621
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 625
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 400

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11703
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10632
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13865
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12823
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17828