Дзюдошыларымыз қола алды

Дзюдошыларымыз қола алды

Қазақстандық дзюдошылар елордада өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 3-орын алды. Соңғы шешуші сәтте Қазақстан құрамасы Өзбекстан спортшысымен кездесті. Дзюдошылар айқасы өте тартысты өтті. Есеп – 3:3. Алайда жарақат алып қалған өзбекстандық татамиге шығудан бас тартты. Бұл қазақстандық спортшы Камила Берлікашқа жеңіс әкелді. Ұлттық құрама сапында Данияр Шамшаев (73 келі) алтын алды. Ал Ислам Бозбаев (100 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ, Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль иеленді. Жалпыкомандалық есепте Жапония, одан кейінгі орынға Моңғолия жайғасты. Олардың қатарына аталған құрамалардан өзге Оңтүстік Корея, Қытай, Тәжікстан, Тайвань, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі спортшылары енді. Аталған додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан сынға түсті.

 

Рауан МУТАИР
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 49
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 45
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25129
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24648
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37934
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42406