Егер соғыс бола қалса... сатқындар қашады, отаншылдар қалады

Егер соғыс бола қалса... сатқындар қашады, отаншылдар қалады

Өткен нөмірімізде «Украина тағдыры кімнің қолында?» атты мақала жарияладық. Себебі 24 ақпан күні орыстар Украин еліне соғыс ашқанына жыл толады екен. Шынында да «3 күн ішінде Украинаны тас-талқан етіп жеңеміз» деп астамсыған Путиннің сөзі сандыраққа айналды. 364 күн және түн қаһарман Украин батырлары өздерінен қаншама есе күшті, қуатты әрі төрткүл әлемді мойынсұндырған қаһарлы соғыс қарулары аңызға бергісіз аты бар алып Ресеймен иығы тең күйде асқан ерлікпен соғысып жатыр. Украиндарға мұндай алапат күш-қуат қайдан келді? Меніңше, ұлттық рухтың құдіреті. Рухсыз елді жеңу оңай. Рухты елді сындыру оңай емес. Өткен аптада Астанаға бардық. Осы іссапар кезінде Украинаның елшілігіне жолығудың сәті түсті. Тура елшіліктің алдында гүлдер самсап тұр. Соғыстың басталуына бір жыл толуына орай қаза тапқандардың құрметіне украиндар гүл қойып жатыр екен. Бір жас жігітпен әңгімелестік, сауал қойдық. «Қалай, басқыншыларды жеңеміз бе?» – дедім. Көздері шоқтай жайнаған ұзынтұра жігіт: «Олар бізді ешқашан жеңе алмайды!» – деді зор сеніммен.

Соғыс деген сөздің өзі өте қорқынышты нәрсе ғой. Оның зардабын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мәселен Украин елшілігінде қаз-қатар суреттер ілулі тұр. Суреттің жартысында бұрынғы сап-сау ғимарат, ал екіншісінде сол ғимараттың қираған мүшкіл жағдайы көрсетілген. Жаның түршігеді, жүрегің ауырады. 10 миллионнан аса бала-шаға шетелге ауып кеткен. Қаншама адам қырылды. Бәрі де бір ақымақтың кесірінен. Ресей 44 рет соғысқа қатысқан. Екінші дүниежүзілік соғыс қана олар үшін әділетті соғыс болып есептеледі. Қалған соғыстың барлығында да орыстар басқыншы болған.

Бізге де орыстар құйтырқы сөздерімен қайта-қайта көз алартып отыр. Бір одақтамыз. Соған қарамастан олардың ниеті жаман. Өздеріне санкциядан санкция салынып есеңгіреп, өлімші халде жатса да жатып атқан өңшең қаныпезерлер. Өздерінің көрлерін өздері қазып жатқан жоқ па олар? Ал шынында да сондай болса ше? Әрине, ондай соғыстың бетін әрмен қылсын Аллам. Дегенмен біз оларға қарсылық ете аламыз ба? Қайдам... Ашық соғысқа шығатын отаншылдар шыға ма? Біз дайынбыз ба соғысқа? Әлбетте, соғыс қатал. Кімнің сатқын, кімнің отаншыл, патриот екенін анықтайды. Көзге көрінбейтін соғыстың хас шеберлері байшікеш сатқындар қашып жоғалады. Яғни тазарамыз. Әрине, бұл жаман айтпай жақсы деген кеппен айтып жатқанымыз ғой. Соғыс болмасыншы. Еліміз аман, бейбіт заман болсын! Соғыс ашамыз деп доңайбат көрсеткендер көрге кірсін! Еліміз рухты, намысшыл болғай! (Әріптесім, белгілі журналист, ақын Болат Шарахымбайдың «Украина, саған айтам, Қазақстан, сен тыңда!» мақаласын оқысаңыз, өкінбейсіз!) 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 131
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 64
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 60
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 44
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 455
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 447
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 462
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 451
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280