“Qazaqstan dauiri” халықаралық, қоғамдық-саяси газеті, “Мөлдір бұлақ” журналының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызы ауданымызға іссапармен келді. Елдің анасы атанып, еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған Сәуле Мешітбайқызын аудан әкімі қарсы алды. Аудан әкімдігінде өткен кездесуде Сәуле Мешітбайқызы өңір басшысымен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде өзара әңгіме өрбітті. Ұлттық құндылық, жастар тәрбиесі, салихалы ұрпақ мәселесі де көтерілді. Адамгершілікті, ізгілікті, қазақы болмысты бағдаршамдай алға ұстай білу, ұлттық өсиет-өнегені тәрбие тініне, өскелең өрендердің өмірлік ұстанымына айналдыру турасында көшелі ойлар айтылды. “Qazaqstan dauiri” - елдің газеті екендігін, облыстарға қарасты аудандарда болғандығын айтты. Басылымның тарихына қысқаша тоқтала келе, халықтың рухын көтеруде басылымдардың алатын орны үлкен екендігін, газет адамды рухани байытатындығын атап өтті. “Qazaqstan dauiri” газетіне, «Мөлдір бұлақ» журналына жазылуға шақырды.
Сондай-ақ, кездесуге аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина қатысып отырды.
Ақпараттық медиа орталығы.