Ел біріншілігі: «Астана» көш бастап тұр

Ел біріншілігі: «Астана» көш бастап тұр

Алдыңғы аптаның демалыс күндері аяқдоптан Премьер-лига командалары арасында ел біріншілігінің 23-і тур ойындары өтті. Аталған турдың бірінші ойын күнінде елордалық «Астана» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын», ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасысын» 3:1 есебімен жеңді. Ал «Қайсар» Қызылордада «Ақтөбеден» 0:2 есебімен жеңілсе, «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары арасындағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Алматының «Қайраты» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдады. «Қайрат» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ тағы екі ойында «Тараз» бен «Атырау» 2:2, алаңында Ақтаудың «Каспийі» мен Петропавлдың «Қызылжары» 1:2 есебімен ойынды аяқтады. Әзірше елордалық «Астана» 53 ұпаймен турнир көшін бастап тұрса, оны 52 ұпайы бар Қостанайдың «Тобылы» тақымдап қуып келеді. Былтырғы жылы ел чемпионы Алматының «Қайраты» ала-құла ойын көрсетіп жүр.  

 

Ермек Сахариев
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 248
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 223
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 225

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20548
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20343
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35444
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34016
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37869