Ел бірлігі – Қазақстанның тірегі

Ел бірлігі –  Қазақстанның тірегі

Қонаев қаласында облыстық әкімдік ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXХІI сессиясы қарсаңында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. 

«Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясына қатысушылар тізімін бекіту және іс-шаралар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым сөз сөйледі. 

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясындағы тапсырмалардың орындалуы туралы «Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Бота Елеусізова кеңінен мәлімет берді.

Алматы облыстық әзербайжан этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман, облыстық «Элефтерия»  гректер қоғамының белсендісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Тифансиди, Іле аудандық мәслихатының хатшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Роза Абилова, түрік орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,     облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени  бірлестігінің төрағасы, ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Адам  Бойсаев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» ҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шаисмаил Асиев және облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаевтар өз ойларын ортаға салды.

Облыстық Ассамблеяның Алматы және Жетісу облыстарының бөлінуіне байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері құрамында да өзгерістер болды. Осыған орай,  Алматы облысының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігіне ұсыныстар берілді.

    Ұсыныстар ішінен Еңбекшіқазақ аудандық орыс этномәдени орталығының төрағасы, бірнеше мемлекеттік марапаттардың иесі Ирина Таркова  мен күрд этномәдени орталығының төрағасы Гамзе Гейдаровтың  кандидатуралары ұсынылып, бірауыздан қабылданды.

Ынтымақ-бірлік, достықтың мызғымастығы арқасында алынбайтын қамал жоқ. Кеңес отырысына жиналғандар достық пен бейбітшіліктің заңғар биіктерде болуына бірауыздан қолдау танытып тарқасты.

 

ГҮЛМИРА САЯҚҚЫЗЫ
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5007
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5173
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20128
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18773
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22230