Елде жалақыдан алынатын бірыңғай төлем енгізілді

Елде жалақыдан алынатын  бірыңғай төлем енгізілді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шағын және микробизнес үшін жалақыдан алынатын бірыңғай төлем енгізілді.

Оны кімдер қолдана алады?

Жалақыдан бірыңғай төлемді арнайы салық режимдері (жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі; ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі) бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар аудара алады. 

Олар сондай-ақ қызметкерлердің табысынан бірыңғай төлемді аудару бөлігінде салық агенттері ретінде әрекет етеді.

Бірыңғай төлемге: Қызметкерлердің табысынан алынатын жеке табыс салығы; міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); әлеуметтік аударымдар; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдар жатады. 

Қанша төлеу керек? Бірыңғай төлем ставкасы мынадай:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20,0%;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5%;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8%;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8%;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8%;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3%.

Бірыңғай төлем ставкасындағы зейнетақы жарналарының үлесі:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50%;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5%;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42%;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3%;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8%;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38%.

 

Бірыңғай төлемді қашан жасау керек?

Бірыңғай төлемді аудару мерзімін ай сайын есепті кезеңнен кейінгі 25-і күнінен кешіктірмеу керек. Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына төлеуге болады. Төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің кірістеріне бастапқы немесе келесі декларацияда салық салудың таңдалған тәртібі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.

Қандай пайдасы бар?

Бірыңғай төлемді енгізу арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдеріне барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдетуі тиіс, ол енді бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл төлемнің жалпы сомасы бөлек төлемге қарағанда аз.

 

Ермек Сахариев
19.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 70
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 31
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 65
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 70
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8959
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11579
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9337
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10563