Елдегі су тапшылығын шешу жолдары

Елдегі су тапшылығын шешу жолдары

Барымызды тиімді пайдаланайық!

Су тапшылығындағы басты мәселе – өзі ішіміздегі ахуал. Бар суды тиімді пайдалану. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде судың 67% көлемі ауылшаруашылығына жұмсалады. Өнеркәсіпке – 30%-ы кетсе, қалғанын шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке пайдаланамыз.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген тұжырымдамада жерүсті су ресурстарын ұлғайту есебінен 2030 жылға қарай 5-7 текше км-ге жаңа су қоймаларын салу, 5 текше км дейін су үнемдеу, 15 текше км дейін жерасты суларын пайдалану жоспары енгізіліпті.

Бұл тұрғыда министрлік сумен қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын үш топқа бөліп қарастырып отыр. Біріншіден, ел тұрғындары үшін, яғни сапалы ауызсу мәселесі. Екінші топ – қоршаған орта тепе-теңдігі (Арал мен Балқаштың проблемасы және Жайық өзенінің жағдайы) мен трансшекералық өзендер саясаты. Үшіншіден, ел экономикасына қажетті ресурстарды ретке келтіру.

Әрине онжылдық бағдарлама суға қатысты жайттың бәрін бірден жақсартады деп айту қиын. Саланың өзіне тән ұзақ жылдан бері қордаланып қалған проблемалары жетерлік. Ең алдымен елдегі сапалы су көзінің тапшылығы, суға тариф есептеудегі тетіктің әлі күнге бірізге түспеуі, сондай-ақ тұтас республикадағы жағдайды жетік білетін білікті кадр тапшылығы байқалып отыр. Оның үстіне елдегі барлық каналдардың 18 мың шақырымы жөндеуді қажет етеді, инфрақұрылымның тозуы кей өңірлерде 80%-ға жеткендіктен, бар суды тиімсіз пайдалану жағдайы да өткір күйде қалуда.

Бұған қоса, республика терри¬ториясындағы жерасты сулары көздерінің нақты көлемін қайта есептеп, сапасын анықтау ісі күн тәртібінде тұр. Себебі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі жерасты табиғи байлығын өндіру ісіндегі жіберілген кемшіліктер тұщы су көздерін қаншалықты зақымдағаны жайлы ақпарат әлі күнге анықталмай отыр. Демек М.Мырзағалиев министрлігіне жүктелген міндеттің салмағы жеңіл емес.

 

Нариман ҚЫПШАҚБАЕВ, Мемлекетаралық су  шаруашылығын үйлестіру  комиссиясы ғылыми-ақпараттық орталығы қазақстандық  филиалының директоры:

Су тапшылығымен  күресуге болады

– Қазір барлық елде экономиканың дамуы, халық санының өсуі, экология жағдайының шиеленісуі тұщы судың жетпеуінен туындап отыр. Біздегі үлкен өзендердің басы Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан келеді. Олар өздеріне жетпей жатқан судан бір шелек су тегін бермесі анық. Трансшекералық өзендерден алатын суымыздың көлемі белгілі. Сол көлемді дұрыс үнемдеу арқылы мәселені шешудің бір қыры бар.

Екіншіден, суармалы жерлердегі суды тиімді пайдалануда проблема жетерлік. Суды бекерге ағызып қоятындар көп. Міне, осының нақты себебін анықтау керек. Әр тапшы судың өтемі, ақысы болуы қажет. Басқа мемлекеттерде далаға жіберген әр литр үшін айыппұл төлейсің. Дамыған елдердің бәрінде тамшылатып суару технологиясы қолданылады, біздегідей ағызып жіберіп, қарап отыру жоқ. Олар су құны қымбат болғаннан кейін осындай әдіске көшті. Бізде 1 гектарға жұмсалатын су мөлшері нормадан 1,5-2 есеге асып кетіп жатыр. Осыдан кейін Қазақстан су тапшылығына қалай ұрынбасын?!

Оның сыртында Қазақстанда 2 млн гектардай жерді суаратын ірілі-ұсақты каналдардың жалпы ұзындығы – 30 мың км. Осы каналдармен жылына 20 млрд текше метрдей су жібереміз. Ол су егістік басына жеткенше 15-20%-ы сіңіп кетеді, яғни жоғалтамыз. Каналдың бойын, табанын бетондау керек, қазір пластик құбырдың түр-түрі шығып жатыр. Тым болмаса сонымен неге ауыстырмасқа? Ең қымбат ресурс – су. Сондықтан есепсіз шығынға қатаң бақылау қажет.

 

 

Ермек САХАРИЕВ
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765